Елбасы жолдауына байланысты «Елбасы жолдауындағы Қазақстан ғылымының әлеуетін арттыру мәселелері» атты студенттер мен магистранттар арасындағы ашық дөңгелек үстел

dongelek 12014 жылдың 14 сәуірінде Елбасының «Қазақстан жолы - 2050: бір-мақсат, бір-мүдде, бір-болашақ» жолдауына арналған «Жастар және ғылым» атты магистранттар мен студенттердің ғылыми апталығы аясында  «Елбасы жолдауындағы Қазақстан ғылымының әлеуетін арттыру мәселелері» атты студенттер мен магистранттар арасындағы ашық дөңгелек үстел өтті.  

Дөңгелек үстел жұмысына магистрантар мен студенттік ғылыми қоғам мүшелері, университетіміздің беделді студенттері қатысты. Дөңгелек үстелдің модераторы болып ғылым және коммерцияландыру департаментінің сарапшысы Қайыржанов Құрманғазы Бекболатұлы атқарды. Дөңгелек үстел барысында аталмыш тақырыпқа сай көптеген мәселелер қаралды. Айта кетсек, ғылым және коммерцияландыру департаментінің сарапшысы Қайыржанов Құрманғазы Бекболатұлының «Жолдау-ғылым дамуындағы жаңа серпіліс» атты баяндамасы, студенттік ғылыми қоғам төрағасының көмекшісі, «математика» мамандығының 2 курс студенті Сисекенов Нұрболаттың «Елбасы жолдауындағы білім, ғылым және жастар мәселесі» атты баяндамасы, «биология» мамандығының 2 курс студенті Чандыбаева Гулнурдың «Қазақстан жолы-жарқын болашаққа жол салу» атты баяндамасы, «физика»  мамандығының 1 курс студенті Қабдығали Жанайымның «Президент жолдауындағы ғылымға бетбұрыс» атты баяндамасы және де «математика» мамандығының 3 курс студенттері Джамбулова Жарқынай мен Муратқалиева Гулмаржанның «Жасыл экономика-қоғамға тигізер әсері» атты баяндамалары талқыланған болатын. Қорыта кетсек, баяндамашыларға студенттер тарапынан тақырыптарына сай сұрақтар қойылып, жолдаудағы ғылыми мәселелерді қозғады. Студенттер мен магистрантар жолдауда Елбасының көтерген ғылыми мәселелерін бір ауыздан қолдады.

ВИРТУАЛЬНЫЙ ТУР

ПАРТНЕРЫ

joomla

Разработано Joomlamaster.org.ua совместно с Joomstudio.com.ua