«Қоғамдық проблемалар және PR» атты университет студенттерінің арасындағы жобалар байқауы

pr 1 15 сәуір күні Елбасының «Қазақстан жолы - 2050:  бір-мақсат, бір-мүдде, бір-болашақ» жолдауына арналған «Жастар және ғылым» атты магистранттар мен студенттердің ғылыми апталығы барысында тарих және құқық факультетінің акт залында «Студенттік ғылыми қоғамының» ұйымдастыруымен университетімізде тұңғыш жоба - «Қоғамдық проблемалар және PR» атты пиар жобалар байқауы болып өтті. Байқауға оқытушылар мен барлық факультет студенттері қатысты.

Байқауды ғылым және коммерцияландыру департаментінің сарапшысы Қайыржанов Құрманғазы Бекболатұлы ашып, барлық қатысушы студенттерге сәттілік тіледі. Байқау аясында студенттердің оннан аса жобалары ұсынылған болатын.  Қазылар алқасы құрамында «Қазақстан - Орал» телеарнасының тілшісі Мұнайдар Балмолда, «Алгоритм» Технопаркінің» ТБИ бөлім басшысы  Проскурин Павел Александрович, дүние жүзі тарихы кафедрасының аға оқытушысы Шайхиев Тұрар Төлегенұлы,  «Алгоритм» Технопаркінің» жоба менеджері Аманжолова Рабиға Аманжоловна болды.   Қатысушылар өзекті мәселелерді ортаға салып, шешілу жолдарын жарнама саласы арқылы ұсынды. Әр қатысушы презентацияға  5 минут уақыт алып, таныстырылым жасады. Байқауда перспективалы идеялар талқыланып, жобада ұлттық бренд, университет бренді, волонтерлік қозғалыс және т.б. қоғамдық маңызға ие  мәселелері қарастырылды. Байқау соңында қорытындысы талқыланып, жүлделі орындар тағайындалды. Жүлделі орын алған студенттер ғылыми апталықтың жабылуында марапатталады.

pr 2pr 3pr 4

ПОДЕЛИТЬСЯ

Отправить в DeliciousОтправить в DiggОтправить в FacebookОтправить в Google BookmarksОтправить в StumbleuponОтправить в TechnoratiОтправить в TwitterОтправить в LinkedInОтправить в BobrdobrОтправить в LiveinternetОтправить в LivejournalОтправить в MoymirОтправить в OdnoklassnikiОтправить в VkcomОтправить в Yaru

ВИРТУАЛЬНЫЙ ТУР

ПАРТНЕРЫ

joomla

КАНАЛЫ RSS

Разработано Joomlamaster.org.ua совместно с Joomstudio.com.ua