ЭКСПО-2017: Қазақстанның индустриалды-инновациялық дамуының келешегі

expo 2017Осындай тақырыпта 2014 жылдың 31 наурызында М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде дөңгелек үстел  өтті. Дөңгелек үстел жұмысына М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры п.ғ.д., профессор Иманғалиев Асхат Сәлімұлы, Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық басқармасының туризм және сыртқы экономикалық байланыс бөлімінің бас маманы Е.М. Адиев,  «Технопарк «Алгоритм» ЖШС-нің директоры А.М. Есекенов, сонымен қатар университет  проректорлары, декандары, ғалымдары мен студенттері қатысты.

Дөңгелек үстелді университетіміздің ректоры п.ғ.д., профессор Иманғалиев Асхат Сәлімұлы ашып, әрі қарай ғылыми жұмыс және халықаралық байланыс жөніндегі проректоры, т.ғ.д., профессор  Мұқтар Әбілсейіт Қапизұлы жүргізді. 

Дөңгелек үстел барысында Қазақстанның индустриалды-инновациялық дамуындағы ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің рөлі талқыланды.  Сондай-ақ тақырып аясында университет ғалымдары мен студенттерінің инновациялық жобалары таныстырылып, сараланды. Айта кетсек, «Технопарк «Алгоритм» ЖШС-нің директоры А.М. Есекеновтің «Технопарк «Алгоритм» - направления деятельности и перспективы развития», университетімізден, экономикалық теория және бизнес кафедрасының меңгерушісі,  э.ғ.д., профессор Л.И. Мерғалиеваның «Перспективы интеграции Казахстана в мировую экономику», тех.ғ.д., профессор Е.С. Айталиевтің «Ветродвигатель – источник нетрадиционной энергии», физика-математика факультетінің деканы, ф-м.ғ.к., доцент Г.М. Миниустың  «Разработка информационно-аналитической системы мониторинга и управления системами водоснабжения и теплоснабжения города на базе современных экономико-математических методов и информационных технологий», менеджмент және кәсіпкерлік кафедрасының аға оқытушысы В.У. Чудрова мен  5В050700 «Менеджмент» мамандығының 2 курс студенті А.А. Михееваның «Тепло в дом» использование местных материалов для сохранения тепла», есеп және қаржы кафедрасының меңгерушісі, э.ғ.к., доцент  Қ.М Нугманова мен 5В050800 «Есеп және аудит» мамандығының 3 курс студенті  М.Ғ. Юсуповтың «Использование отходов нефтегазодобывающей промышленности в прозводстве резины»  тақырыбындағы баяндамалары тыңдалып, көпшілік алдында талқыланды. Қорыта айтқанда, дөңгелек үстел отырысында ғалымдар мен  студенттердің баяндамаларында теориялық мазмұнымен бөліскен жобаларының келешегін барлығы бір ауыздан қолдады.

 

Ғылым және коммерцияландыру департаменті

 

ВИРТУАЛЬНЫЙ ТУР

ПАРТНЕРЫ

joomla

Разработано Joomlamaster.org.ua совместно с Joomstudio.com.ua