27 февраля ЗКГУ им. М.Утемисова посетил представитель Института организации и автоматизации промышленного производства Общества содействия прикладным исследованиям им. Фраунгофера (ФРГ)

germanyflag

Кездесудің басты мақсаты - Германия мемлекетіндегі Фраунгофер атындағы қолданбалы зерттеулерге  ықпалдастық өнеркәсіптік өндірістік қоғамының Ұйымдастыру және автоматтандыру институты ғалымдарының университетіміздің ғалымдарымен пікір алмасуы. Кездесу барысында біріге жаңару мақсатында болашақтағы даму мәселелері және осы мәселелер барысындағы  университет ғалымдарының негізгі жобалары талқыланды.

Кездесудің негізгі қонақтары Фраунгофер атындағы қолданбалы зерттеулерге  ықпалдастық өнеркәсіптік өндірістік қоғамының Ұйымдастыру және автоматтандыру институтының өкілі - Серебрянский Сергей Семенович және де «Орал әлеуметтік–кәсіпкерлік корпорациясы Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары - Әлжанов Исабек Қанатұлы. 

Кездесудің алғы сөзін М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің бірінші проректоры, тарих ғылымдарының докторы Тасмағамбетов Әсет Сембайұлы ашты. Кездесудің модераторы ҒЖ және ХБ жөніндегі проректоры, тарих ғылымдарының  докторы,  профессор Мұқтар Әбілсейіт Қапизұлы ғалымдарға және кездесуге қатысушыларға кездесудің мақсатын түсіндіріп, қонақтарға сөз берді.

 Германиядан келген қонағымыз Серебрянский Сергей Семенович өз баяндамасын оқып, Фраунгофер атындағы қолданбалы зерттеулерге  ықпалдастық өнеркәсіптік өндірістік қоғамының Ұйымдастыру және автоматтандыру институтының жаңалықтарымен бөлісті. Кейін халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Құлмағамбетова Светлана Сатжанқызы университетіміздің Германиямен қарым-қатынас жасап отырғанын және атқарылып жатқан мәселелерді баяндады, ал Серебрянский Сергей Семенович Германияда университетіміздің атынан оқып жатқан студенттермен кездескісі келетіндігін және де Фраунгофер атындағы қолданбалы зерттеулерге  ықпалдастық өнеркәсіптік өндірістік қоғамының Ұйымдастыру және автоматтандыру институтында тәжірибеден өтуге болатындығын білдірді. Кейін университетіміздің ғалымдары өздерінің жобаларын баяндап талқыға салды. Серебрянский Сергей Семенович талқыланған жобаларға қызығушылығын білдіріп,  қолынан келгенше қолдау көрсететінін айтты.

 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Отправить в DeliciousОтправить в DiggОтправить в FacebookОтправить в Google BookmarksОтправить в StumbleuponОтправить в TechnoratiОтправить в TwitterОтправить в LinkedInОтправить в BobrdobrОтправить в LiveinternetОтправить в LivejournalОтправить в MoymirОтправить в OdnoklassnikiОтправить в VkcomОтправить в Yaru

ВИРТУАЛЬНЫЙ ТУР

ПАРТНЕРЫ

joomla

КАНАЛЫ RSS

Разработано Joomlamaster.org.ua совместно с Joomstudio.com.ua