2014 жылы 27 қаңтарда Ғылыми кеңес отырысында ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Ә.Қ. Мұқтардың БҚМУ 2013 жыл бойынша ғылыми-зерттеу жұмысы туралы есеп

logo

Жылдағы дәстүр бойынша 2014 жылы 27 қаңтарда университетіміздің бас ғимаратының мәжіліс залында 2013 жылғы ғылыми жұмыстарының қорытынды есебі тыңдалды. Бұл жиында 2013 жылдың басында бекітілген жоспар бойынша жыл бойы іске асырылған ғылыми жұмыстардың есебі қаралып, төмендегі мәселелер талқыланды:

1. Университеттің ғылыми кадрларды даярлауы;

2. Университет ғалымдарының іргелі және қолданбалы зерттеулерін қаржыландыру көздері;

3. Университет ғалымдарының ғылыми байқауларға қатынасуы; 

4. Ғылыми орталықтардың жұмысы; 

5. Ғылыми-теориялық және ғылыми-тәжірибелік конференциялардың өткізілуі; 

6. Университетте ғылыми бағытта өткен семинарлар мен дөңгелек үстелдер; 

7. Профессор-оқытушылар құрамының ғылыми басылымдары;

8. ПОҚ-тың ғылыми іссапарлары;

9. Халықаралық ғылыми қарым-қатынас;

10. Университеттің «Жас ғалымдар кеңесінің» жұмысы;

11. Студенттер мен магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстары.

ҒЖ және ХБ жөніндегі проректоры, т.ғ.д. Ә.Қ. Мұқтар жыл бойы оздырылған, яғни жоғарыда көрсетілген мәселелерді есебінің қортындысын баяндап, қорытынды нәтижелерімен  бөлісті. 

Қаралған ғылыми жұмыстың есебі аясында университетіміздің ректоры п.ғ.д., академик, профессор А.С. Иманғалиев сөз алып, атқарылған жұмыстарды талқылай отырып, алдағы жылдардағы университетіміздің ғылыми қызметінің алдында тұрған мақсаттары мен міндеттерін нақтылады. Жоспар бойынша жасақталған комиссия шешімі бойынша, төрайымы Г.С. Қайсағалиева  қорытынды есептің көңілге қонымды екенін айқындап, өз пікірлері мен ұсыныстарын білдірді.

Факультет декандары да  сөз  сөйлеп, өз факультеттеріндегі жүргізілген ғылыми жұмыстар туралы қысқаша баяндады. 

 

  

Ғылым және коммерцияландыру департаменті

 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Отправить в DeliciousОтправить в DiggОтправить в FacebookОтправить в Google BookmarksОтправить в StumbleuponОтправить в TechnoratiОтправить в TwitterОтправить в LinkedInОтправить в BobrdobrОтправить в LiveinternetОтправить в LivejournalОтправить в MoymirОтправить в OdnoklassnikiОтправить в VkcomОтправить в Yaru

ВИРТУАЛЬНЫЙ ТУР

ПАРТНЕРЫ

joomla

КАНАЛЫ RSS

Разработано Joomlamaster.org.ua совместно с Joomstudio.com.ua