Дәстүрлі «V Махамбет оқулары» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция

utemisov2013 жылдың 21 қарашасында  дәстүрлі «V Махамбет оқулары» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Биыл еліміз бойынша ұлт поэзиясының көрнекті өкілі, сарбаз ақын Махамбет Өтемісұлының 210 жылдығы кеңінен аталып өткізілді.

Осыған орай ақын атын иеленген М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан  мемлекеттік университетінде 2013 жылдың 21 қарашасында  дәстүрлі «V Махамбет оқулары» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы ұйымдастырылды.

Конференцияға ақын, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Ақұштап Бақтыгереева,  махамбеттанушы, медицина ғылымдарының докторы, профессор, академик  Әбисатов Хайыржан,  белгілі  ғалым-әдебиеттанушы, филология ғылымдарының кандидаты Мақсат Тәж-Мұрат, тарих ғылымдарының докторы, профессор, академик Рысбеков Тұяқбай Зейітұлы қатысып, пленарлық мәжілісте баяндамаларын оқыды. Аталмыш конференция қарсаңында университет ректоры А.С.Иманғалиевтың қолдауымен университет редакциялық баспа орталығынан елімізге белгілі махамбеттанушы ғалым Х.Әбисатовтың «Махамбеттанудың мәлім және беймәлім парақтары» атты кітабы жарық көріп, көпшілік оқырман назарына ұсынылды.

Конференция жұмысына М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың профессор-оқытушылар құрамы, БҚО және Орал қаласы мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті, тарих пәндерінің мұғалімдері, махамбеттану тарихын зерттеп жүрген жергілікті өлкетанушылар, сондай-ақ, жас ғалымдар–магистранттар мен студенттер қатысты. Сонымен бірге конференцияға ақын-жазушылар, қаладағы қоғамдық ұйым басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.

Конференция М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, академик А.С.Иманғалиевтың  алғы  сөзімен  басталды.

Конференция жұмысына қатысу үшін Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарынан, колледждер мен мектептерден және көршілес Ресей Федерациясының жоғары оқу орындарынан барлығы 120 баяндама түсті. Баяндамалар тақырыбы кең көлемді.  Атап айтқанда махамбеттанудың бүгінгі таңдағы өзекті мәселелері, ақын ғұмырымен және оның әдеби  мұрасымен байланысты тарихи тың деректер, Махамбет шығармаларының жоғары оқу орындарында және жалпы орта білім беретін мектепте оқытылу жайы қарастырылады. Сондай-ақ, қазақ тілі мен әдебиетінің теориялық және әдістемелік мәселелері, гуманитарлық, тарих, қоғамдық-әлеуметтік, экономика, өнертану т.б ғылым салаларының бүгінгі таңдағы бағыт-бағдары, даму жайы тексеріс көзіне алынды.

Конференция жұмысы пленарлық мәжілістен өзге  үш секцияны қамтиды: 1-ші секция «Махамбет және қазіргі қазақ тілі мен әдебиетінің теориялық, әдістемелік мәселелері», 2-ші секция «Қоғамдық-әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар бағыттары», 3-ші  секция «Жаратылыстану, экономика, өнертану ғылымдарының мәселелері».

ВИРТУАЛЬНЫЙ ТУР

ПАРТНЕРЫ

joomla

Разработано Joomlamaster.org.ua совместно с Joomstudio.com.ua