Тарих және құқық факультетінде студенттік ғылыми қоғамының жиналысы болып өтті

2013 жылдың 27 – қараша күні университетіміздің тарих және құқық факультетінің студенттік ғылыми қоғамының (СҒҚ) кезекті жиналысы болып өтті.

Жиналысқа  ғылым және коммерцияландыру департаментінің сарапшысы - Қайыржанов Құрманғазы Бекболатұлы, СҒҚ төрайымы 3-курс студенті – Ислямова Тұрсынай Қабиболлақызы  және көмекшісі Сисекенов Нұрболат  Досболатұлы,  тарих және құқық факультетінің СҒҚ мүшесінің төрайымы  Ажигереева Назерке, сонымен бірге тарих және құқық факультетінің студенттік деканы Қадыр Алтынбек, факультеттің СҒҚ мүшелігіндегі студенттері мен белсенді студенттері қатысты.

Жиналыс төрағасы ғылым және коммерцияландыру департаментінің сарапшысы - Қайыржанов Қ.Б. жиналысты  ашып, барлық жиналысқа қатысушыларды күн тәртібімен таныстырып өтті. Студенттік ғылыми қоғамының құрылымы бекітіліп, СҒҚ факультет төрайымдары мен төрағалары таныстырылды, сонымен қатар жаңа төрағасын дауысқа салып, Шайхиев Алтынбек тарих және құқық факультетінің СҒҚ мүшесінің төрағасы болып тағайындалды. Жиналыс барысында студенттік конференциялар, сонымен қатар студенттердің ғылыми зерттеу жұмысының (СҒЗЖ) жалпы толтырылу ережелері түсіндірілді, осы тақырыпта студенттердің көкейіндегі сұрақтары талқыланды.

Ислямова Тұрсынай Қабиболлақызы өзінің  баяндамасында: СҒҚ 2013 жаңа оқу жылындағы жаңа жұмыстарын бастап та кеткендігін, 2013-2014 жылдарға арналған жұмыс жоспарымен таныстырып, «Ендігі уақыттарда студенттердің ғылыми ізденістермен айналысқандары қажет – ақ, сол арқылы біз Қазақстан ғылымының дамуына сәл де болса септігімізді тигіземіз деп ойлаймын, бұл жұмыс жоспарындағы шұғыл түрдегі қолға алынып жатқан мәселелер – Республикалық олимпиядаларға командалар жасақтау, БҚМУ сайтынан СҒҚ бетін ашу, бизнес инкубаторды жасақтау немесе тағы басқалары», -деп өз сөзін аяқтады.  Студенттер тарапынан бірнеше  сұрақтар қойылып, ұйым тарапынан көңілге қонымды жауаптар алынды.

ВИРТУАЛЬНЫЙ ТУР

ПАРТНЕРЫ

joomla

Разработано Joomlamaster.org.ua совместно с Joomstudio.com.ua