Қазақ Ұлттық географиялық қоғамы

nazarbayevUniЕліміздің географ-ғалымдарының қатынасуымен 2013 жылдың 13 тамызында Астана қаласында Назарбаев Университетінде Қазақ Ұлттық географиялық қоғамының Алғашқы құрылтай съезінің ұйымдастыру комитетінің жұмыс кездесуі ұйымдастырылды. Шараны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен Қазақ Ұлттық географиялық қоғамы өткізді. 

Қазақ Ұлттық географиялық қоғамының Алғашқы құрылтай съезінің ұйымдастыру комитетінің жұмыс кездесуіне Орал қаласының өкілі ретінде  М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ғылым және коммерцияландыру департаменті директоры Эдуард Жүсіпұлы Имашев барып қатынасып, іссапарда болып қайтты. Аталмыш шарада күз айында өтетін Қазақ Ұлттық географиялық қоғамының Алғашқы құрылтай съезінде қарастырылатын мәселелер мен сұрақтар пысықталып, ұлттық географияның дамуы жайында, сонымен қатар жалпы өту барасының жоспары құрылды.


Ғылыми бөлім

ВИРТУАЛЬНЫЙ ТУР

ПАРТНЕРЫ

joomla

Разработано Joomlamaster.org.ua совместно с Joomstudio.com.ua