«Кітапхана ісі» мамандығы студенттерінің VII Республикалық студенттердің пәндік олимпиадасындағы жетістіктері

olimp 1 optМ.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде  наурыз айының 11-12 аралығында VII Республикалық студенттердің пәндік олимпиадасы өткізілген болатын. Аталған олимпиадаға М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Кітапхана ісі» мамандығынан құрылған «BiblioWest» командасы биылғы жылы өздерінің білімдерінің өте жоғары деңгейде екендігін тағы бір мәрте дәлелдеп, университетімізге мақтанарлықтай жеңіспен оралды.

Олимпиадаға университетіміздің «Өнертану және мәдени тынығу» кафедрасының оқытушысы Насырова М.А. жетекші болып, «Кітапхана ісі» мамандығының 3 курс студенттері Әбшүкірова Гүлзия, Кендебаева Мереке, Жұмажанова Айнагүл және 2 курс студенті Джунусова Асемгуль өз білімдерін сынап қайтты.

 

olimp 2 optolimp 3 opt

Олимпиадаға «Кітапхана ісі» мамандығы бойынша Республикамыздың беделді оқу орындарынан бірнеше команда қатынасты. Олимпиада бағдарламасына сай, І бөлім бойынша студенттер өз топтарын таныстырып, мамандық бойынша компьютерлік-тест сұрақтарына жауап берді. Бұл бөлімде, БҚМУ командасы жоғарғы нәтижені көрсетті. ІІ бөлімде, болашақ маман иелері тақырыптық кітап көрмесін ұсынылған шарттар бойынша таңдалған тақырыпқа сай ұйымдастырды. Бізге І.Есенберлиннің шығармашылығына байланысты тақырып түсті. Бұл көрме төңірегінде, біз «Бір ел – бір кітап» акциясының биылғы жылғы оқылымына І.Есенберлиннің «Көшпенділер» триллогиясы таңдалып алынғандығы туралы, яғни, Қазақ хандығына 550 жыл толуы осы триллогиямын ұштасатынын ерекше атап өттік. ІІ бөлім бойынша, ең үздік таныстырылған көрме – БҚМУ-нің көрмесі болды. Ал, ІІІ бөлімде, үй тапсырмасы бойынша студенттеріміз еркін тақырыпта замануи, инновациялық, ақпараттық технологияларды қолдана отырып, қазіргі немесе болашақ кітапхана туралы дайындаған презентациясын ортаға салды.

olimp 4 optVІI Республикалық студенттік пәндік олимпиадасының қорытындысы бойынша «BiblioWest» командасы жүлделі ІІ орын алды және аталмыш университеттің атынан кубок табыс етілді. Сонымен қатар М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті ұжымы университетіміздің ректорына алғыс хат жолдады.

 

 

Топ жетекшісі Насырова М.А. және топ мүшелері

 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Отправить в DeliciousОтправить в DiggОтправить в FacebookОтправить в Google BookmarksОтправить в StumbleuponОтправить в TechnoratiОтправить в TwitterОтправить в LinkedInОтправить в BobrdobrОтправить в LiveinternetОтправить в LivejournalОтправить в MoymirОтправить в OdnoklassnikiОтправить в VkcomОтправить в Yaru

ВИРТУАЛЬНЫЙ ТУР

ПАРТНЕРЫ

joomla

КАНАЛЫ RSS

Разработано Joomlamaster.org.ua совместно с Joomstudio.com.ua