«Мәдениетаралық ықпалдастық және қазіргі қоғамдағы толеранттылық: қауіптер, ізденістер, шешімдер» атты І Халықаралық ТМД студенттері арасындағы олимпиада

aimak opt2015 ж. 24 ақпанында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің халықаралық қатынастар факультетінде «Мәдениетаралық ықпалдастық және қазіргі қоғамдағы толеранттылық: қауіптер, ізденістер, шешімдер» атты І Халықаралық ТМД студенттері арасындағы олимпиадаға М.Өтемісов атынадғы Батыс қазақстан Мемлекеттік университетінің тарих, экономика және құқық факультетінің «Аймақтану» және «Халықаралық қатынастар» мамандығының 2-3 курс студенттері қатысып қайтты.

«Аймақтану» секциясы бойынша олимпиада екі кезеңмен өткізілді: бірінші кезеңде студенттер таңдау тақырыбы бойынша эссе жазды, екінші кезеңде «Қазіргі қоғамдағы көпмәдениетті қоғам мен толеранттық: мәселелер, ізденістер және шешімдер» тақырыбы бойынша тұсаукесер көрсетілген. Студенттерге эссе жазу үшін келесі тақырыптар ұсынылды: «Оңтүстік Азиядағыұлтаралық қақтығыстардың себептері», «Орталық Азиядағы қақтығыс орталықтары», «Қазақстанда ұлтаралық келісім мен тұрақтылықты сақтау мәселесінде Қазақстан халықтары Ассамблеясының рөлі» және т.б. Олимпиада қорытындысы бойынша М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Аймақтану» мамандығының 07207-студенті Tудакова Виктория I орынды, Б.Спанова  «Ең үздік презентация» номинациясын иеленді. 

«Халықаралық қатынастар» секциясы бойынша олимпиадаға гуманитарлық бағыт бойынша мамандықтарды даярлайтын Қазақстанның түрлі аймақтық жоғарғы оқу орындарынан19 студент қатысып,  07206-топ студенті А.Акимова «Ең үздік эссе», және «Шетілдегі емес мамандықтарға арналған Шет тілі» секциясы бойынша 07306-топ студенті Ұзақбай Рүстем «Ең үздік презентация» номинациясын иеленді. 

Жеңімпаздарды өз білімдерінің көрсеткіштерімен шын жүректен құттықтаймыз! 

 

Дүниежүзілік тарих және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы

Коммерцияландыру офисі

 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Отправить в DeliciousОтправить в DiggОтправить в FacebookОтправить в Google BookmarksОтправить в StumbleuponОтправить в TechnoratiОтправить в TwitterОтправить в LinkedInОтправить в BobrdobrОтправить в LiveinternetОтправить в LivejournalОтправить в MoymirОтправить в OdnoklassnikiОтправить в VkcomОтправить в Yaru

ВИРТУАЛЬНЫЙ ТУР

ПАРТНЕРЫ

joomla

КАНАЛЫ RSS

Разработано Joomlamaster.org.ua совместно с Joomstudio.com.ua