Университет кітапханасының мақсаты ұлағатты ұрпақ тәрбиелеу

biblioteka 1 optМемлекет басшысының бастамасымен елімізде бірқатар айтулы шаралар жоспарланған болатын. Осы орайда, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ғылыми кітапханасының оқу залдарында қазақ хандығының 550 жылдығына, Қазақстан Халқы Ассамблеясының 20 жылдығына және Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойларына орай  үлкен кітап көрмелері жасақталды және бұл кітап көрмелері жыл бойына көрермен назарында болмақ.

Бұл көрмелерді ұйымдастырудағы мақсатымыз азаттық аңсаған тұлғалардың ерлігін, жанқиярлығын дәріптеу, ұлттық құндылықтарымызды сүюге баула, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Кезінде тағдырдың жазуымен қасиетті қазақ даласына сан түрлі ұлт өкілдері қоныс тепкен еді. Бүгінде олар тегі басқа болғанмен теңдігі бір, қаны бөлек болғанмен жаны бір, арманы ортақ біртұтас халыққа айналды. Туған елдің туының астында бірігіп, туған жердің тұғырын биік етуге бел шешкен азаматтарды бір тағдыр күтеді. Осылай, елдігіміздің ертеңі ошақтың үш тағаны сияқты «бір халық – бір ел – бір тағдыр» деген үш сөзге сыйып тұр»,- деп  атап көрсеткендей, өскелең ұрпақты татулық пен бірлікке баула және Отан үшін от кешкен боздақтарымыз Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова және Хиуаз Доспанова  сияқты батырларымыздың ерлігін ұрпаққа паш ету арқылы олардың бойына отансүйгіштік қасиетті дарыта отырып, өз елін, жерін сүюге тәрбиелеу және ата-баба ерлігімен келген азаттықтың қадыр-қасиетін ұғындыру. 

biblioteka 2 optҚазақ хандығының 550 жылдығына орай «Қазақ хас сақтардың сарқыты» атты кітап көрмесі жасақталып көрмеге тарихқа қатысты мерзімді басылымдарда  жарияланған университетіміздің және басқада ғалымдардың мақалалары бар, ал Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойына орай «Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды» атты кітап көрмесінде университетіміздің Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл ардегерлерінің суреттері мен олардың өмірі берілген және Қазақстан Халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай «Қазақстан Халқы Ассамблеясы – ұлттар мен ұлыстардың алтын діңгегі» атты кітап көрмесінде түрлі кітаптар мен мерзімді басылымдар бой түзеген.

 

Ғылыми кітапхана

ПОДЕЛИТЬСЯ

Отправить в DeliciousОтправить в DiggОтправить в FacebookОтправить в Google BookmarksОтправить в StumbleuponОтправить в TechnoratiОтправить в TwitterОтправить в LinkedInОтправить в BobrdobrОтправить в LiveinternetОтправить в LivejournalОтправить в MoymirОтправить в OdnoklassnikiОтправить в VkcomОтправить в Yaru

ВИРТУАЛЬНЫЙ ТУР

ПАРТНЕРЫ

joomla

КАНАЛЫ RSS

Разработано Joomlamaster.org.ua совместно с Joomstudio.com.ua