Қазақты танытқан тұлғалар

biblioteka 4 opt«Қазақстанның тәуелсіздігі деген өте қасиетті ұғым.

 Бабалардың аңсағаны біздің буынның бақытына келді. 

Оны сақтау бәріміздің парызымыз. 

Керей мен Жәнібек 1465 жылы алғашқы хандықты құрды, 

қазақтың мемлекеттілігінің тарихы сол кезден бастау алады».

Н.Ә.Назарбаев

Ел тарихында қазақтың ұлы тұлғалары соңына жақсы іспен қатар, ұрпаққа рухани азық болар ойлы сөз де қалдырған. Сонымен сусындап өскен ұрпақтың келешегі кемел, болашағы жарқын болмақ. Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «1465 жылы сұлтандар Керей мен Жәнібек алғаш рет хандық құрып, біздің тарихымыз қазақ мемлекеттілігін осы кезден бастайды. Мүмкін, бұл термин біздің қазіргі түсінігіміздегі, бүгінгі шекарамыздағы бүкіл әлемге танымал және беделді болғанымыздай мемлекет бола алмаған да шығар. Бірақ, сол замандағы басқа барлық мемлекеттер туралы да осылай айтуға болады. Ең маңыздысы, сол кезде мемлекетіміздің негізі қаланғандығы, ал біздердің ата-бабалар ұлы істерін жалғастырғанымыз» деген еді. Сонымен қатар, мемлекет басшысының бастамасымен елімізде бірқатар айтулы шаралар жоспарланған болатын. Осыған орай, 2015 жылдың 19-ақпанында Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ғылыми кітапханасы, университетіміздің магистранттарымен біріге отырып қазақ хандығы құрылуының 550 жылдығына, жазушы Ілияс Есенберлиннің 100 жылдығына және жерлесіміз, ақын Қадыр Мырзалиевтің 80 жылдық мерейтойларына орай «Қазақты танытқан тұлғалар» атты тарихи-танымдық шара ұйымдастырған болатын.       

 Кешіміздің қонағы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік  университетінің ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры, тарих ғылымдарының докторы Ә.Қ.Мұқтар, «қазақ хандығының 550 жылдық» мерейтойын мемлекет көлемінде тойлау біздің кейінгі ұрпақ үшін маңызы зор екендігін, мемлекетіміздің тарихының тереңде жатқандығын және қазақ хандығы, қазақ тарихының кеңірек насихатталуына Ілияс Есенберлин мен Қадыр Мырзалиевтің қосқан сүбелі еңбектерінің бар екендігін, сонымен қатар, І.Есенберлиннің мамандығы тау-кен инженері бола тұра, сонау 70 жылдардың қарсаңында жазушының том-том шығармалары қазақ оқырмандарына жол тартқандығын, кейін орыс тіліне аударылып әлемнің түкпір-түкпіріне жеткендігін атап өтті. Ал, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Жақсығалиев Жаңабек Жаңабайұлы қазақ мемлекетінің пайда болуы және Жәнібек пен Керей хандықтарының құрылуы жайында студенттер мен магистранттар үшін мән-мағынасы зор құнды дүниелерімен бөлісті. Елбасы Н.Ә. Назарбаев әрдайым ұрпақтар сабақтастығына терең мән беріп келетіндігін. Қазақстан Президенті қасиетті Ұлытау баурайында сан қатпарлы тарихымыздың түптамырын толғаған мағыналы сұхбатында Еуразия кеңістігіндегі мемлекеттік дәстүрдің үзілмей жалғасып келгендігін, ғұндардан бастау алған осы үдерістің көк түріктер, Алтын орда арқылы сабақтасып, Қазақ хандығына жеткендігін мәлімдегенін атап өтті. Одан әрі, қазақ хандығының құрылуы жайында ғалымдар мен тарихшылардың 1445, 1456, 1458, 1465 жылдарына қатысты сан түрлі деректерін ұсынғандығын айта келе, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың аса көрегенділікпен 2015 жылы қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы аталып өтілетінін мәлімдегенін атап өтті. 

Одан әрі М.Өтемісов атындағы БҚМУ профессоры А.С.Шарабасов  Ілияс Есенберлин мен Қадыр Мырзалиев жайында ой толғауларын ортаға салды. Және мың өліп, мың тірілген қазақтың мұң-мұқтажын, кескін келбетін өз шығармалары, өлең жолдары арқылы халықтың жүрегіне жеткізген тұлғаларамызды дәріптеуде осындай шаралардың маңызы зор екендігін атап өтті. 

Шарамыз қазақ даласындағы ұлылардың сарқытына айналған Қадыр Мырзалиевтің «Көш» өлеңін филология мамандығының магистранты Сапарова Жадыра нақышана келтіре орындауымен жалғасын тауып, одан әрі кезек домбыраға беріліп мәдениет және өнер факультетінің  3 курс студенті  Қасымова Зинат, Қадыр Мырзалиевтің сөзіне жазылған «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру» әнін орындады, ұйыса тыңдаған көрерменнің сұрауы бойынша  Қадыр Мырзалиевтің сөзіне, Нұрғиса Тілендиевтің әніне жазылған «Ақжайық» әнін көрермен назарына ұсынды. 

Егемен ел атанғалы бері қазақ хандығының мерейтойы алғаш рет аталып өтпек. Сондықтан да  бұл мың өліп, мың тірілген қазақ елі үшін тарихта қалатын ең маңызды мереке болмақ. Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту – азаттық сыйлаған бабаларға деген құрмет болса керек.

Елбасымыз «Нұрлы жолға» балаған сара жолымыз, бұлыңғыр емес айқын, Мәңгілік еліміздің келешегі кемел, болашағы баянды болуы үшін, азаттық таңы үшін арпалысқан Керей мен Жәнібектей хандарымызға, өздерінің жырымен, үнімен дем берген Қадыр мен Ілиястай биік тұлғаларына қарап келешек ұрпақты  бой түзеуге бағыттау, ұлттық құндылықтарымызды бойларына сіңіре білу, біздің бабалар алдындағы борышымыз.

 

Ғылыми кітапхана

 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Отправить в DeliciousОтправить в DiggОтправить в FacebookОтправить в Google BookmarksОтправить в StumbleuponОтправить в TechnoratiОтправить в TwitterОтправить в LinkedInОтправить в BobrdobrОтправить в LiveinternetОтправить в LivejournalОтправить в MoymirОтправить в OdnoklassnikiОтправить в VkcomОтправить в Yaru

ВИРТУАЛЬНЫЙ ТУР

ПАРТНЕРЫ

joomla

КАНАЛЫ RSS

Разработано Joomlamaster.org.ua совместно с Joomstudio.com.ua