Ғылыми кітахананы жаңа технологиямен жабдықтауда, басшылық қолдау көрсетті

biblioteka 3 optМәңгілік елеміздің сара жолы «Нұрлы жол»  Елбасының еліміздің дамыған, алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосатын даңғыл жол болмақ.

Міне сондықтанда осы мақсаттарды жүзеге асыру барысында білім мен ғылымның қайнар ордасы кітапхананың алатын орны ерекше. Кітапхана заман талабына сай жаңа ақпараттық технологиялармен қамтамасыз етілуі ол дегеніміз, біздің жастарымыздың сапалы біліммен қамтамасыз етілуінің бір көрінісі. Міне осы мақсатта М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ғылыми кітапханасы 2014 жылдың желтоқсан айында университетіміздің басшылығының қолдау көрсетуінің нәтижесінде ғылыми кітапхананың №1 және №2 оқу залдары RFID заманауи технологиясымен қамтамасыз етілген болатын. Батыс өңіріндегі оқу орындарында  алғаш болып қолданысқа енгізіліп отырған осы технологиямен қамтамасыз етуге қолдау көрсеткені үшін университетіміздің басшылығына айтар алғысымыз шексіз. Кітапхананың жаңа технологиямен қамтамамсыз етілгенін көрген кезде студенттердің жүзіндегі  қуанышты көрсеңіз, олардың қуанғаны соншалық, кезпе-кезек құрылғылардың қасына келіп сұрақты жаудыртып, тіпті кей біреулері тезірек іске қосылса  студенттердің кітапхананы пайдалану мүмкіндігі кеңейер еді деп те өз ойларын білдіріп жатты. Әрине, сөз жоқ университет басшылығының жасаған бұл ұлағатты ісі студенттеріміздің жүрегіне қуаныш ұялатты, білімге деген құштарлықтарын аша түсті. 

RFID технологиясы арқылы оқырмандар кітапханада ашық кітап қорын пайдалануға мүмкіндік алады. Қызмет көрсету сапасын жақсарту және уақытты үнемдеу мақсатында RFID технологмясының біздің студенттеріміз сапалы білім алу үшін  маңызы зор.  Арнайы құрылғылардың көмегімен оқырмандар өз-өзіне қызмет көрсету мүмкіндігіне ие бола алады яғни мәліметтерді пайдалану мүмкіндігі кеңейеді және кітапты қайтару терминалы арқылы кітапты қорға қайта енгізеді. Тағы да басқа көптеген функциялары арқылы оқырман көптеген қызметтерге қол жеткізе алады.

 

Ғылыми кітапхана

 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Отправить в DeliciousОтправить в DiggОтправить в FacebookОтправить в Google BookmarksОтправить в StumbleuponОтправить в TechnoratiОтправить в TwitterОтправить в LinkedInОтправить в BobrdobrОтправить в LiveinternetОтправить в LivejournalОтправить в MoymirОтправить в OdnoklassnikiОтправить в VkcomОтправить в Yaru

ВИРТУАЛЬНЫЙ ТУР

ПАРТНЕРЫ

joomla

КАНАЛЫ RSS

Разработано Joomlamaster.org.ua совместно с Joomstudio.com.ua