«Оқытудағы құзіреттілік бағыт» апталығы аясында студенттік ғылыми жобалар

krug 1 Болашақ педагогтарды кәсіби даярлау процесінде олардың жобалау іс-әрекетіне даярлығын қалыптастыру мәселесінің орны ерекше. Себебі, жалаң «білімдер, іскерліктер және дағдылар» қалыптастырудан құзыреттіліктер қалыптастыруға көшіп отырған бүгінгі күнгі білім парадигмасына сәйкес ең алдымен педагогты шығармашылықпен жұмыс жасауға дайындау қажеттігі туады. Ал оның шығармашылықпен жұмыс жасай алуы оның аталған даярлықтың, яғни жобалау іс-әрекетіне дайындығының қалыптасуымен тығыз байланысты.

Жобалау іс-әрекетіне дайын оқытушы тек қана оқу процесін сауатты жоспарлап және өткізіп қоймай, сонымен бірге білім алушылардың жобалау құзыреттілігін дамытуға қажетті жағдай жасайды. Осыдан келіп «болашақ педагогты жобалау іс-әрекетіне даярлау» түсінігіне «педагогикалық жүйені, объектіні немесе моделді құру (жасау, жоспарлау, құрастыру) жөніндегі кәсіптік міндеттерді жүзеге асыруға қажет білімдер мен іскерліктерді меңгерту» деген анықтама беруге болады. Ал оның түпкі нәтижесі – жобалау құзыреттілігін қалыптасқандығы болып табылады. Жобалау құзыреттілігі – бұл кез келген салада (кәсіби, ғылыми, әлеуметтік, т.б.) жобалау іс-әрекетін іске асыру үшін қажет білімдер, іскерліктер және тұлғалық қасиеттер жиынтығы. Сондықтан, болашақ мамандарды даярлауды қарастыруда құзыреттілік тұрғының орны ерекше екендігі дау тудырмайды. 

krug 2Осы орайда студенттердің түйінді құзыреттілігін  дамыту мақсатында 17-ақпан күні физика – математика факультеті студенттерінің арасында факультет деканы п.ғ.к., доцент А.Б.Медешованың, кафедра магистрі Д.Ж.Тлеккабылованың және физика-математика факультетінің студенттік деканы Н.М.Қырықбаевтың ұйымдастыруымен «Ақпараттық-коммуникациялық технология бойынша жобалар қорғау» атты дөңгелек үстел өткізілді.

krug 3

Дөңгелек үстелге қатысушылар өздерінің тың идеялары мен бастамашыл ойларын ортаға салып, дайындаған жобаларын қорғады. Тыңдаушылардың назарына төрт жоба ұсынылып, дөңгелек үстелге қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, жобалар талқыланды.  Алғаш болып А.Д.Тайманов атындағы атаулы шәкіртақы иегері, математика мамандығының 3-курс студенті Сисекенов Нұрболат «Құрылыстық makula – блок» және «Бай, қуатты болашаққа бастау – 2020» атты өз жобаларын ұсынды. Алғашқы жобада жаңа құрылыс материалы таныстырылса, ұсынылған екінші жобада кедейшілікпен күресу мен халықтың әл-ауқатын көтеру бағыты баяндалды.

krug 4

Содан кейін физика  мамандығының 2-курс студенті Қабдығали Жанайым «Сутегі мен гелийді синтездеу арқылы жасалған электр станциясы» атты жобасын қорғады. Мұнда жаңа электр станциясының құрылысы, тоқ көзін алу жолдары көрсетілді. Келесі «Марс шыңы» атты жобасын физика мамандығының 1-курс студенті Молдаш Шыңғыс ұсынды. Автор Марс шыңы жобасының мазмұнын баяндап, марс планетасына жіберілетін марсоходтың макетін көрсетіп, оның жұмыс жасау принциптерін атап өтті. «Ғылым – қоғамның саяси-экономикалық, әлеуметтік, рухани өміріне өзгерістер енгізетін, адамның дамуына, оның шығармашылығына әсер ететін күш» - демекші еліміздің дамуында ғылымның алатын рөлі туралы, дөңгелек үстел соңында техника ғылымдарының докторы, информатика кафедрасының меңгерушісі Е.С.Айталиев сөз сөйлеп, өткен шара жайлы өз ойын айтып, қорытындылады. 

 

Физика-математика факультетінің студенті Сисекенов Н. 

Информатика кафедрасының магистрі Тлеккабылова Д.Ж.

 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Отправить в DeliciousОтправить в DiggОтправить в FacebookОтправить в Google BookmarksОтправить в StumbleuponОтправить в TechnoratiОтправить в TwitterОтправить в LinkedInОтправить в BobrdobrОтправить в LiveinternetОтправить в LivejournalОтправить в MoymirОтправить в OdnoklassnikiОтправить в VkcomОтправить в Yaru

ВИРТУАЛЬНЫЙ ТУР

ПАРТНЕРЫ

joomla

КАНАЛЫ RSS

Разработано Joomlamaster.org.ua совместно с Joomstudio.com.ua