ЖОЛДАУ ЖОЛДАРЫ КЕҢІНЕН ТҮСІНДІРІЛДІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2-қыркүйек күні "Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Қазақстан халқына алғашқы Жолдауын жолдаған болатын. Аталмыш Жолдау М.Өтемісов атындағы БҚМУ  оқытушылары мен студенттері арасында кеңінен талқыға түсті. Осы орайда 10-қазан күні филология факультетінің студенттері арасында шағын дəріс тыңдалып, Жолдаудың маңыздылығы мен міндеттері, мүмкіндіктері мен мақсаттары, айқын бағыттарын түсіндіруге арналған шара өтті. Шара барысында Дүниежүзілік тарих жəне əлеуметтік пəндер кафедрасының аға оқытушысы А.К.Нурманова өзінің "Ел дамуының негізгі бағыттарын айқындайтын бағдарлы Жолдау" атты баяндамасын оқып, доцент С.М.Гиззатов Жолдаудың тиімділігін, бүгінгі күннің нақты, көптің көкейінде жүрген мəселелерін қозғағандығын айтып өтті. Сонымен қоса, Жолдау тақырыбының өзектілігін ашу мақсатында интеллектуалды сайыс өткізілді. Оған филология факультетінің студенттерінен құралған "Прагматиктер", "Фаворит", "Эйнштейн" топтары қатысып, бақ сынады. Сайыс барысында студенттерге сұрақтар қойылып, пікір алмасты. Жолдау тақырыбының мемлекет үшін маңызы зор екендігі туралы өз ойларын айтып, постерге қорғады. Нəтижесінде оқ бойы озық шыққан "Фаворит" тобы жеңімпаз атанып, барлық қатысушы топтар арнайы дипломдармен марапатталды.

 

ЖОлдау 1 Жолдау 2

                                                                                                                                                                                                  Шұғыла ЕҢСЕП,

                                                                                                                                                                                                  Филология факультетінің І курс студенті

ВИРТУАЛЬНЫЙ ТУР

ПАРТНЕРЫ

joomla

Разработано Joomlamaster.org.ua совместно с Joomstudio.com.ua