Марапат иелерін шын жүректен құттықтаймыз!

Қазақстан халқының тілдері күні мерекесіне арналған Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының қолдауымен «Еуразия әлеуметтік-гуманитарлық зерттеу орталығы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен «Тіл – тұтастық туы» атты жалпыхалықтық тіл фестивалінде тіл жанашыларына түрлі сала бойынша атқарған еңбектері ескеріліп, облыс әкімінің алғыс хаттары мен түрлі номинациялар табыс етілді. Солардың қатарында М. Өтемісов атындағы БҚМУ-дың оқытушылары, қазақ филологиясы кафедрасының доценті, ф.ғ.к., доцент А. Ниязғалиева, университетіміздің магистранты Н. Алмағамбетова бірлік пен ынтымақтың темірқазығы – мемлекеттік тіліміздің мерейін өсіру мен тіл саясатын жүргізу жолындағы еңбектері үшін Батыс Қазақстан облысы әкімінің Алғыс хатымен марапатталса, «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 4-курс студенті А. Ғабдықұл «Сауатты жарнама – қала көркі» акциясына белсене қатысқаны үшін «Тіл сақшысы» номинациясын иеленді. Марапат иелерін шын жүректен құттықтаймыз! 

agziyaarmannatasha

ВИРТУАЛЬНЫЙ ТУР

ПАРТНЕРЫ

joomla

Разработано Joomlamaster.org.ua совместно с Joomstudio.com.ua