«БҚМУ «Ақиқат» пікір-талас орталығы» жастар қоғамдық бірлестігі Алғыс хатпен марапатталды

48355329 369944883754121 1135396474671071232 n

2018 жылдың 12 желтоқсан күні Х.Бөкеева атындағы Облыстық қазақ драма театрында «Жастар қуаты: Көшбасшылық. Жаңа бастамалар. Даму» тақырыбында облыстық жастар форумы өтті. Форум барысында білім, ғылым, шығармашылық және бизнес саласында жетістікке жеткен тұлғалар өздерінің еңбек жолындағы әртүрлі қиындықтарымен бөлісіп, жетістікке жету бағытындағы тәжірибелерімен бөлісті. Өңір басшысы Алтай Сейдірұлы жастарға оң бағасын беріп, еліміздің жастар саясатын жүзеге асыруда елеулі үлес қосқан бірқатар жастар ұйымдарына Алғыс хат табыс етті. Олардың қатарында «БҚМУ «Ақиқат» пікір-талас орталығы» жастар қоғамдық бірлестігі облыс жастары арасында шешендік өнердің дамуына қосқан үлесі үшін арнайы Алғыс хатпен марапатталды. Аталмыш бірлестік төрағасы Сүлейменов Мерген Қуанышұлын және де бірлестіктің белсенді жастарын шын жүректен құттықтаймыз! 

48403116 369947187087224 4289628866399436800 n

48237086 369944977087445 8044764325715378176 n

48395485 369944853754124 2930729487714746368 n

ВИРТУАЛЬНЫЙ ТУР

ПАРТНЕРЫ

joomla

Разработано Joomlamaster.org.ua совместно с Joomstudio.com.ua