Ел рәміздері – еркіндік нышаны

Ел рәміздері – еркіндік нышаны

 

«Мемлекеттік рәміздер – бұл біздің мемлекетіміздің, біздің егемендігіміздің берік негізінің бірі. Олар Тәуелсіздіктің қасиетті біріктіруші образын білдіреді»

 Н.Ә.Назарбаев

Студенттік құрылыс және «Жасыл ел» ашылуы ұйымдастырылды

Бүгін М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде ІІІ-жазғы еңбек маусымында қаламыздың көркеюіне аянбай ат салысатын білім ордамыздың мақсаткер жастарынан құрылған Студенттік құрылыс және «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары маусымының салтанатты ашылуы ұйымдастырылды.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асырылып келе жатырған Студенттік құрылыс жасағы мен «Жасыл ел» бағдарламасының негізгі мақсаты студенттердің материалдық және әлеуметтік мәселелерін шешу және жастарды еңбекпен қамту, үш айлық кезекті еңбек маусымы студент-жастардың бос уақыттарын тиімді пайдалануға көзделген.

"Студенттік көктем-2018"

Студеттік кездің балғын кезеңі 1-курстағы сәттер болса, сол балғын шақты әдемі өрнектермен безендіретін факультет араларындағы байқаулар.

Бүгінгі кезек "Студенттік көктем-2018"- ге келді. Барлық факультет студенттері достық ниетпен, өз факультетіне деген жанкүйерлікпен бас ғимараттың акт залында жиналды. Ашылу салтанатында Жастар ісі жөніндегі департамент жетекшісі Дүйсенбаев Төрехан Ерсайынұлы сүбелі сөз сөйлеп студенттер мерекесін бастап берді. "Жүйріктен жүйрік озар шапқан кезде" деп Қадыр Мырза Әлі айтқандай, шын жүйріктерді анықтайтын байқаудың ашылу салтанаты жоғары деңгейде өтіп, өнрпаздар өз өнерлерін көрсетті.

М.Өтемісов атындағы БҚМУ студенті Жалғас Исмагуловтың «Жастық жалын» атты ән кеші өтті.

Қадыр орталығында оралдық жас әнші, М.Өтемісов атындағы БҚМУ студенті Жалғас Исмагуловтың «Жастық жалын» атты ән кеші өтті. Жиналған көрермен Жалғастың ән қоржынындағы туған жер, патриоттық, махаббат лирикасы, т.б. әндерді тыңдап жас өренді қошеметтеді. Кеш барысында өнер әлемінде бірге қанат қағып келе жатақан достары да қолдау көрсетіп, әннен шашу шашты. «Бұлақ көрсең, көзін аш» дегендей Қадыр орталығы жас әнші Жалғастың өнерінің жалғасуына осылайша сәттілік тіледі.

Бақытбек Смағұлдың БҚМУ студенттерімен кездесуі

Наурыз айының 30 жұлдызы күні Маxамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде белгілі Қазақстан Республикасының Парламент мәжілісінің депутаты, Ауған соғысының ардагері Смағұл Бақытбекпен белсенді студенттер арасында кездесу жүргізілді. Қазақтың біртуар ұлы, қоғам қайраткерінің қанатты сөздері аудиторияда жиналған жалынды жастарды одан әрі сусындата түсті. Бақытбек мырза өз әңгімесін сабырлы күйде тұрып салмақты бастады.Өткір- өткір сөйлегенде студенттер ынта- зейінмен тындады.

1 Наурыз алғыс айту күні

Алғыс айту күні – ұл, ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні. Алғыс айту күні – күрделі заманда нық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматтарының бір-біріне құрмет білдіретін күн. Осы орайда М.Өтемісов атындағы БҚМУ – тің Ғылыми кітапхана ұжымы 22-ші ақпан күні бас ғимараттың №209 дәрісханасында Алғыс айту күніне орай көп балалы ата-аналарға арналған «Ата-анаға мың алғыс» атты кездесу кеші ұйымдастырылды.

«Тәуелсіздік дәуірі» кітабы - жас ұрпаққа тарихи сабақ

8 ақпан күні М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде Ғылыми кітапхана мен «Рухани жаңғыру» институты ұйымдастырған Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабының таныстырылымы өтті. Жиынның ашылуына университеттің ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры, саясаттану ғылымдарының кандидаты Олег Юров аталмыш оқу орнында дәстүрге айналған Елбасымыздың жолдауын сараптап талдау жасалатынын атап өтті. Өскелең ұрпақтың өз Қазақстан дәуірінің тарихын білу мен қатар құрметтеуді, жас ұрпаққа патриоттық тәрбиені қалыптастыруды маңызды екенін жеткізді.

Тағы мақалалар...

  1. «Бір сағаттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпарат»
  2. Инновация - жастар өмірінде
  3. Диплом табыстау салтанаты оздырылды
  4. Әлемдік деңгейдегі көрмеге саяхат
  5. Жасыл жердің келбеті, жасыл елдің еңбегі
  6. Арман шындыққа ұласты
  7. «Конституциялық реформалардың халықаралық тәжірибесін талқылауға арналған М.Өтемісов атындағы БҚМУ жас ғалымдарының пікір-алмасу алаңы» атты дөңгелек үстел
  8. «Мәңгілік елдің алтын адамы» атты республикалық театрлар фестивалінің ХХІV маусымы
  9. Жастардың бойында рухани құндылығын қалыптастыру
  10. Махамбет ұрпақтарының жазғы еңбек семестрі сәтті басталды
  11. Мемлекеттік жастар саясаты іске асыру бойынша тәжірибе алмасу
  12. Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Сейдірұлы Көлгінов университетіміздің студенттерімен кездесті.
  13. «БҚМУ КӨКТЕМІ – 2016» фестивалінің екінші күні
  14. «БҚМУ КӨКТЕМІ – 2016» фестивалі
  15. Служение ратному делу
  16. Махамбеттің жастарының толағай жеңісі
  17. Мельникова Владимира Леонидовичті құттықтаймыз!
  18. Махамбет - арымас Алаш арысы, бұлқынған асау намыс атты студенттерге патриоттық тәлім беру онкүндігінің ашылуы
  19. «Песни, опаленные войной»
  20. В рамках 20-летия АНК на педагогическом факультете для студентов первых и вторых курсов специальностей «Физическая культура» и «НВП» в актовом зале факультета состоялась встреча с Саловым В.Ю.
  21. Вспомним тех, кто воевал в чужих горах…
  22. 30-31 қазан 2014 жылы «Национальная образовательная система в условиях глобальной конкуренции: проблемы, приоритеты, перспективы развития» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция
  23. Бәрі де студенттер үшін
  24. М. Өтемісов атындағы БҚМУ студенттерінің тамақтануын ұйымдастыру
  25. М. Өтемісов атындағы БҚМУ студенттеріне арналған жатахана
  26. Университет студенттерінің жұмыс семестріне қатысуы
  27. БҚМУ студенті Инна Симонова Сочи олимпиадасында Қазақстан намысын шорт-трек спорт түрі бойынша қорғайды
  28. БҚМУ профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлер арасындағы 57-ші «Денсаулық» спартакиадасы
  29. Вечер поэзии «Менің атым – Махамбет»
  30. Хорошая работа – спокойствие души
  31. Отбасылық өмір және жастарды отбасылық өмірге дайындаудың маңыздылығы» тақырыбындағы ашық семинар
  32. Встреча была полезной
  33. Эстафета республиканского мега проекта «Дорожная карта мира и согласия» перадан в ЗКО
  34. Соревнование преподавателей по настольному теннису
  35. От сердца к сердцу
  36. Отличники настольного тенниса
  37. Нравственный урок

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua