БҚМУ қанжығасына 1 күміс, 2 қоланы байлады.

31 Қаңтар мен 3 Ақпан аралығында өткен Шаңғымен Спорттық бағдарлаудан Жастар мен ересектер арасында Батыс Қазақстан облысының ашық чемпионатында БҚМУ- дың дене шынықтыру және спорт мамандығының 1 курс студенттері W20 Серикова Надежда 3-орын, Бауыржанов Бекзат қысқа қашықтықта 2- орын, ұзын қашықтықта 3-орын алды.

Жастар ойындары аясында өткен жарыста Физика және математика факультетінің 2курс студенті Жәнібек Нұрсұлтан 2-орын алды.

Жарыстың ұйымдастырушысы, «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының магистранты Наурызбаев Нұрлыбек:

«Аз ғана уақыт ішінде осы шаңғы спортына деген қызығушылығы бар студенттерді жинап, соның ішінен жеңімпаздар шыққаны, мен үшін және БҚМУ үшін үлкен жеңіс деп білемін, алдағы уақытта жарыстар болса, бұдан да жақсы нәтиже көрсетеміз» -деді.


 

«Тәуелсіздік ұрпақтары»

WhatsApp Image 2019-01-28 at 09.48.41

 М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің филология факультетінде Елбасы Н.Ә.Назарбаев шымылдығын ашқан 2019 – Жастар жылына байланысты, студенттер арасында инстаграм әлеуметтік желісінде #makhambet_urpaqtary, #jastar_jyly хештектерімен «Тәуелсіздік ұрпақтары» форумы қызу талқыланып, студенттер қауымы өз лебіз-тілектерімен бөлісті.

«Дені сау ұрпақ - дені сау ұлт» атты облыстық эстафеталық сайыс өткізілді

IMG 9139 mini

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың жолдауында айтылған бағыттардың маңызды бөлігі жастар арасында бұқаралық спортты дамыту болып табылады.
Студент жастардың бос уақытын тиімді өткізуді ұйымдастыру, қатысушыларға топта бірлесе жұмыс істеуге, ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеуге, жоғары оқу орындарының студент жастары арасында достық байланыс орнату мақсатында 1-желтоқсан Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай Батыс Қазақстан облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының ЖИТС- тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталығының қолдауымен «Жас экономист» жастар қоғамдық бірлестігі және «Ақжайық» спортклубының ұйымдастыруымен «Дені сау ұрпақ - дені сау ұлт» атты жоғары оқу орындарының студенттері арасында облыстық эстафеталық сайыс өткізілді. Жарысқа қонақ ретінде Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, самбо күресінен КСРО спорт шебері, Қазақстан Республикасының Құрметті спорт қайраткері Жұбанышқали Садырұлы Жәрдемов, Румынияның Бухарест қаласында өткен Самбодан әлем чемпионы Серіков Нұрбол Нәсіпкерейұлы және БҚО денсаулық сақтау басқармасының ЖИТС- тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталығының директорының орынбасары Мантакова Алмагуль Акжумановна қатысты.
Эстафеталық сайыс сегіз кезең бойынша өткізілді. Тартысты өткен жарыс қорытындысы бойынша жүлделі І орынды Жәңгір хан атындағы БҚАТУ командасы, ІІ орын М.Өтемісов атындағы БҚМУ командасы, ІІІ орынды ҚазИИТУ құрама командасы иеленді, жарысқа белсене қатысып, айрықша көзге түскен студенттер дипломмен және бағалы естелік сыйлықтармен марапатталды.
IMG 8938 mini

IMG 9031 mini

IMG 9131 mini

Республикалық пікірсайыс турнирі өткізілді

RtazR Fd-y4
2018 жылдың 23-25 қара күндері Қазақстанстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде V Республикалық пікірсайыс турнирі өткізілді.
Турнирге Алматы, Шымкент, Қостанай, Павлодар, Қызылорда, Ақтау, Атырау, Ақтобе, Орал қалаларынан өтініштер қабылданып қазақ және орыс лигасы бойынша 42 фракция 84 спикер қатысты. Төрешілер құрамында пікірсайысшы мамандар аудандық, қалалық мектеп-лицейінің ұстаздары А.Мақсотов, С.Шарипов, Л.Мақсотова, Е.Тұрлыбай, Ә.Ахметов, М.Өтемісов атындағы БҚМУ оқытушысы О.Қажкенов, облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының қызметкері Н.Аткеева, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Б.Хайруллин және республикалық деңгейдегі пікірсайысшы студенттер болды.
Республикалық турнирдің салтанатты ашылу рәсімі Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранымен басталып, әр қаладан келген пікірсайысшы жастар таныстырылды. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекуеттік университетінің тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор Даришева Түймеш Малбағарқызы сөз сөйлеп 85 жылдан астам тарихы бар, киелі білім ордасының тарихына тоқталып, университет ректоры биология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Серғалиев Нұрлан Хабиболлаұлының атынан барлық қатысушыларға сәттілік тілеп, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтады. Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Сакошев Аян Кажимерұлы аталмыш турнирдің маңыздылығы мен негізгі мақсатына тоқталып, үздік пікірсайысшы жастар жеңіске жетсін деп тілек білдірді. Турнир қатысушылары облыстық тарихи өлкетану мұражайын аралап, өңіріміздің тарихымен танысты. «Бастау» коворкинг орталығында пікірсайысшы жастар арнайы үш топқа бөлініп интелектуалдық сайыста мықтылықтарын дәлелдеді. Аталмыш интеллектуалдық сайыс топпен жұмыс істеу, ситуациялық сұрақтарға жауап беру, белгілі уақытта топтық тапсырмалар орындау бағытында өткізілді. Республикалық турнирдің алғашқы күні пікірсайысшылар мен төрешілер брифингімен қорытындыланды.
Турнридің екінші күні қызу тартысқа толы «АПФ» форматы бойынша үш раундтан тұратын іріктеу ойындары, «ЛД» форматы бойынша 1/8, 1/4, 1/2 ойындары өткізілді. Екінші күні барлық қатысушылар мәдени шара аясында Орал қаласындағы «Мұз айдыны» спорттық кешенінде конькимен сырғанап, шынып қайтты. Турнирдің үшінші күні «АПФ» форматы бойынша 1/8, 1/4, 1/2 , екі формат бойынша жартылай финалдық, финалдық ойындар өткізілді.
Тартысты өткен республикалық пікірсайыс турнирінің қорытындысы бойынша талантымен ерекшеленіп, жоғары нәтиже көрсеткен Алматы қаласы Алматы Технологиялық университетінің «Азамзатқа аманат» тобы – Жұмахан Нұржан пен Габдулхали Исламға «М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті ректорының арнайы жүлдесі» табысталады. Қазақ лигасы бойынша жүлделі ІІІ дәрежелі дипломмен Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті мен С.Баишев атындағы университеттің студенттерінен құралған «Тарихты жазамыз» тобы – Бітімбай Исламбек, Таубай Айсұлтан, Жүлделі ІІ дәрежелі дипломмен Павлдодар мемлекеттік педагогикалық университетің студенттерінен құралған «Шыңғыс хат» тобы – Молдасапар Шыңғыс, Молдабекова Ханзада марапатталды. Республикалық пікір сайыс турнирінің жеңімпазы І дәрежелі дипломмен Альфараби Қазақ Ұлттық университеті мен Х.Досмағамбетов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің жастарынан құралған «Құс жолы» фракциясы – Тұрсынғалиев Нұрсұлтан, Үмбетжан Асхат марапатталды. Турнирдің «Үздік спикер» номинациясына Алматы қаласы «Тұран» университеті «Феникс» фракциясының пікірсайысшысы Іңкәров Ерғали, «Үздік төреші» номинациясына Шайқы Ақерке лайық деп танылды. Орыс лигасы бойынша жүлделі ІІІ орымен Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің «Eror 404» тобы – Лим Мира, Орынбасар Алина, жүлделі ІІ орынмен «Грозный» фракциясы –Досимов Мирас, Висаригова Анита марапатталды. Орыс Лигасы бойынша жүлделі І орынды Ақтөбе қаласы Қазақ-Орыс халықаралық университетінің студенттерінен құралған «Авангард» тобы - Қадыркулова Альбина, Есеналин Роман жеңіп алды. «Үздік спикер» номинациясымен Досимов Мирас, «Үздік төреші» номинациясымен Меңдіғалиева Диана марапатталды. Турнирдің барлық қатысушыларына арнайы алғыс хаттармен, сертификаттар табысталды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен, бағалы сыйлықтармен және арнайы кубоктармен марапатталды. Дәстүрге айналған пікірсайыс тунирінің «Үздік ұжым» аталымының арнайы кубогін А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университінің пікірсайысшылары иемденді. «Үздік вайзер» номинациясын Мұратова Айгерім жеңіп алды. Еліміздің әр өңірінен келген республикалық пікірсайыс турнирінің барлық қатысушылары аталмыш турнирдің ұйымдастырушыларына ерекше ықыласпен, зор алғыс білдіріп өз пікірлерін қалдырды.

tnShUDJSniU

hng9CcSVEBI

YCejQGy3rFU

qXh9RlHrC0c

 

Жолдауды түсіндіру тобы жұмысын бастады

b7009e67-6118-4069-9a22-94666bc135e6

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» тақырыбындағы Жолдауын түсіндіру тобы жұмысын бастады. Алғашқы болып филология факультеті студенттеріне университетіміздің оқытушылары Т.Т. Шайхиев пен Ж.А. Қалиева түсіндіру сабақтарын өткізді. Елбасы Жолдауындағы бөлімдер тереңіріек түсіндіріліп, мысалдармен дәйектелді. Студенттер өз сауалдарын қойып, тұшымды жауаптар алды.

dd882d67-0b99-4682-8892-4bc8c34958f9

7da857aa-9474-40e1-82df-739961b3dbbf

3118f03a-b8c7-40d4-a93c-ff7e4decd0ff

«Көңілдің архивінде қалсын өлең»

17102018

Бүгін Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың иегері, көрнекті ақын, қарымды журналист, университет түлегі Ғайсағали Сейтақтың 60 жылдық мерейтойына арналған «Көңілдің архивінде қалсын өлең» тақырыбында таным мен тағылымға толы жыр кеші өтті.
Қара шаңырақтың үзілмейтін дәстүрі ол өз түлектерімен байланысын ешқашан үзбейтіндігі. Университет ректоры Серғалиев Нұрлан Хабиболлаұлы кездесу алдында ақынға үлкен құрмет көрсетіп, мерейтойымен құттықтап, иығына шапан жауып, Махамбет университетінің мақтанышына айналған Ғайсағали Сейтақтай елдің азамат-тұлғалары университеттің мерейі мен мақтанышы екендігін жеткізді.
Ақын – жүрегінде сәуле тұнған адам. Бір кеудеде азап пен ғажап сезімдерді тоғыстырған жан. Осындай қасиеттерді сөнбес жарық қылып, сезім теңізінен жыр ағытқан ақын, Ақжайық өңірінің дара тұлғасы, Махамбет университетінің түлегі, ақын Ғайсағали Сейтақ шығармашылығына арналған тағылымды кеш жыр сүйер қауымның «көңіл архивінде өлеңді мәңгіге ұялатқан» әсерімен есте қалары айқын.  

17102018-1

17102018-2

17102018-3

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНДА ЕКІ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІ БАС ҚОСТЫ

461797-min

27 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында «Рухани жаңғыру: болашаққа бастар жол» семинар-тренингінің марапаттау рәсімі өтті.

Екі күндік семинар-тренингінің осы жолғы қатысушылары – Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті мен М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттері.

Еліміздің Шығысы мен Батысынан келген студенттер екі күнде Елбасы кітапханасындағы білікті мамандардың семинар-тренингіне қатысып, ғылыми қызметкерлердің Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың тұжырымдамалық идеялары мен жаһандық бастамаларын зерттеуге бағытталған дәрістерін тыңдап, ой-өрістерін кеңейтті.

Курс аясындағы тренингтер мен тәжірибелік сабақтардан лидерлік қасиеттерді қалыптастырып, жобалық әрі сыни ойлауға дағдыланған тыңдаушыларды Елбасы кітапханасы директорының бірінші орынбасары Әмірхан Рахымжанов құттықтап, семинар-тренингтің маңыздылығына тоқталды.

– Бүгін Елбасы кітапханасына Абай мен Махамбет елінен білімді студенттер келген екен. Сіздер екі күн бойы сәулеті ерекше ғимаратта кітапхананың ғылыми қызметкерлерінің семинар-тренингіне қатыстыңыздар. Бізде әр оқу жылы жоспар бойынша семинар-тренингтердің тақырыбы өзгеріп тұрады. Осы жолы «Рухани жаңғыру: болашаққа бастар жол» деп аталса, келесі жылы дәрістер, тәжірибелік сабақтар басқа да маңызды такырыпқа арналатын болады, - деді Әмірхан Мұратбекұлы.

Сонымен қатар, семинар барысында тыңдаушылар «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері, «Рухани жаңғыру» кеңселік басқармасы «Атамекен» ішкі бағдарламасының бас менеджері Нұрлан Өтешевпен кездесті.

– Екі күндік семинар барысында «Рухани жаңғыру: болашаққа бастар жол» бағдарламасы бойынша білетінімізді одан әрі жетілдірдік. Болашақта заман талабына сай осы бағдарламамен жүру керек екендігімізге тағы да көз жеткіздік. Бұл семинар-тренингтен алған әсерді сөзбен жеткізу мүмкін емес. Біздің де ел жастары ретінде өз ой-пікіріміз бар. Түрлі идеямызды Елбасы кітапханасында кәсіби мамандармен бөлістік. Білімді сарапшылардан баға алу – даму жолымыздағы бір белес, - деп ой бөлісті М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің студенті Айымбек Сарымсақов.

Елбасы Кітапханасында өткен «Рухани жаңғыру: болашаққа бастар жол» семинар-тренингінің марапаттау рәсімінде Шәкәрім атындағы Семей мемлекетік университеті және М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінен келген 71 тыңдаушыға сертификаттар табысталды.

5920cf96-85a0-44c9-847a-bce675f57049-min cc98af27-861b-4f8e-8bce-5666298f4006-min f2c4af28-6dee-4549-82b1-f75f697fe835-min

«Тіл – халық қазынасы, рухани күретамыр»

IMG 8939

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде 2018 жылдың 5 қыркүйегінде «Тіл – халық қазынасы, рухани күретамыр» атты Қазақстан халықтары тілдері күні мерекесіне арналған онкүндіктің аясында «Жаңартылған білім мазмұнындағы ұлттық білім беру мәселелері мен әлемдік тәжірибелер» тақырыбында шеберлік класы оздырылды.

Тағы мақалалар...

  1. Ел рәміздері – еркіндік нышаны
  2. Студенттік құрылыс және «Жасыл ел» ашылуы ұйымдастырылды
  3. "Студенттік көктем-2018"
  4. М.Өтемісов атындағы БҚМУ студенті Жалғас Исмагуловтың «Жастық жалын» атты ән кеші өтті.
  5. Бақытбек Смағұлдың БҚМУ студенттерімен кездесуі
  6. 1 Наурыз алғыс айту күні
  7. «Тәуелсіздік дәуірі» кітабы - жас ұрпаққа тарихи сабақ
  8. «Сталинград шайқасы: тарихи тәжірибе, сабақтары, маңызы»
  9. Сталинград шайқасына 75 жыл
  10. «Бір сағаттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпарат»
  11. Инновация - жастар өмірінде
  12. Диплом табыстау салтанаты оздырылды
  13. Әлемдік деңгейдегі көрмеге саяхат
  14. Жасыл жердің келбеті, жасыл елдің еңбегі
  15. Арман шындыққа ұласты
  16. «Конституциялық реформалардың халықаралық тәжірибесін талқылауға арналған М.Өтемісов атындағы БҚМУ жас ғалымдарының пікір-алмасу алаңы» атты дөңгелек үстел
  17. «Мәңгілік елдің алтын адамы» атты республикалық театрлар фестивалінің ХХІV маусымы
  18. Жастардың бойында рухани құндылығын қалыптастыру
  19. Махамбет ұрпақтарының жазғы еңбек семестрі сәтті басталды
  20. Мемлекеттік жастар саясаты іске асыру бойынша тәжірибе алмасу
  21. Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Сейдірұлы Көлгінов университетіміздің студенттерімен кездесті.
  22. «БҚМУ КӨКТЕМІ – 2016» фестивалінің екінші күні
  23. «БҚМУ КӨКТЕМІ – 2016» фестивалі
  24. Служение ратному делу
  25. Махамбеттің жастарының толағай жеңісі
  26. Мельникова Владимира Леонидовичті құттықтаймыз!
  27. Махамбет - арымас Алаш арысы, бұлқынған асау намыс атты студенттерге патриоттық тәлім беру онкүндігінің ашылуы
  28. «Песни, опаленные войной»
  29. В рамках 20-летия АНК на педагогическом факультете для студентов первых и вторых курсов специальностей «Физическая культура» и «НВП» в актовом зале факультета состоялась встреча с Саловым В.Ю.
  30. Вспомним тех, кто воевал в чужих горах…
  31. 30-31 қазан 2014 жылы «Национальная образовательная система в условиях глобальной конкуренции: проблемы, приоритеты, перспективы развития» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция
  32. Бәрі де студенттер үшін
  33. М. Өтемісов атындағы БҚМУ студенттерінің тамақтануын ұйымдастыру
  34. М. Өтемісов атындағы БҚМУ студенттеріне арналған жатахана
  35. Университет студенттерінің жұмыс семестріне қатысуы
  36. БҚМУ студенті Инна Симонова Сочи олимпиадасында Қазақстан намысын шорт-трек спорт түрі бойынша қорғайды
  37. БҚМУ профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлер арасындағы 57-ші «Денсаулық» спартакиадасы
  38. Вечер поэзии «Менің атым – Махамбет»
  39. Хорошая работа – спокойствие души
  40. Отбасылық өмір және жастарды отбасылық өмірге дайындаудың маңыздылығы» тақырыбындағы ашық семинар
  41. Встреча была полезной
  42. Эстафета республиканского мега проекта «Дорожная карта мира и согласия» перадан в ЗКО
  43. Соревнование преподавателей по настольному теннису
  44. От сердца к сердцу
  45. Отличники настольного тенниса
  46. Нравственный урок

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua