М. Өтемісов атындағы БҚМУ студенттерінің тамақтануын ұйымдастыру

Университеттегі барлық оқу ғимараттары асханамен жабдықталған. ЖОО 2 оқу ғимараттындағы асхана 80 орынға арналған. М. Өтемісов атындағы БҚМУ- дың студенттік кампусында орталығында 400 орындық «Университет» кафесі орналасқан. 

Әр жыл сайын тамақтану орындарына қызмет көрсететін кәсіпкерлермен келісімшарт қарастырылып, ұсынылатын қызметтерге нұсқаулар енгізіліп отырады.

Университеттің студенттік кәсіподағы мен медициналық орталықпен бірігіп тамақтану нысандарының санитарлық жағдайын бақылап отырады. Буфет, асхана кафедегі азық- түлік бағалары унмверситеттің бірлестіктерінің үнемі бақылауында.

Кәсіп жетекшілеріде тұтынушылар ұсыныстарына назар аударып, университет ардагерлеріне, ғылыми конференция, фестиваль, байқау қатысушыларына іс- шара ұйымдастыруда өз септігін тигізеді. Қорытынды кезеңде өз ісімен ерекшеленген, білім алушылардың тамақтануын ұйымдастыруда қызмет көрсетуші кәсіпкерлер университет ректоратының алғыс хатымен марапатталады.

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua