Университет студенттерінің жұмыс семестріне қатысуы

zhasil el 1Әр жыл сайын университет студенттері ІІІ еңбек семестріне қатысады. Өзін-өзі басқару ұйымы студенттерден 10 құрылыс жасағы, 6 арнайы «Жасыл ел» жасағын ұйымдастырады. 

2012/2013 жылғы оқу жылында ІІІ еңбек семестрінде – құрылыс жасағына – 150 студент, «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша – 100 студент қатысқан. Жұмыс қорытындысы: құрылыс жасағындағы студенттер болашақта пайдаға асатындай, өмірлік сабақ алады. «Жасыл ел» бағдарламасының қатысушылары еліміздің жасыл экономикасына септігін тигізеді: ағаш, гүл отырғызу, оларға күтім жасау. Әрине, мұның барлығы студенттер үшін еңбек қызметіндегі үлкен тәжірибе, жақсы сараман. 

zhasil el 2 2012/2013 жылғы ІІІ семестрінің қорытындысы бойынша физика-математика факультетінің студенті Дүйсенбаев Төрехан «Құрылыс жасағының үздік командирі – 2013» атанды, сондай-ақ «Құрылыс жасағының ең үздік командирі» белгісімен марапатталды; «Жасыл ел» жасағын жасақтауда университет БҚО әкім аппаратының Алғыс хатымен марапатталды және бағдарламаны іске асырудағы «Үздік ЖОО» болып танылды. Құрылыс жасағы мен «Жасыл ел» жасақтарын жасауда ІІІ еңбек семестріне белсенділік танытқан: Тапаева Ж., Ерсаинова Г., Ораш Н., Атадосов Х., Гумар А., Қанатов Т., Мураткалиева Г., Джамбулова Ж., Максот М. 2014 жылы университет студенттері Құрылыс жасағы және «Жасыл ел» жасағын жасақтауда белсенділік танытты. Облыстағы және қаладағы орман шаруашылығы, құрылыс нысандарында 300-дан астам студент жұмыс  жасауға ниет білдірді. Университет студенттері арнайы нысандармен келісімдегі шарттарды орындауда үлкен жауапкершілікпен орындап, тапсырманы орындауда университет беделі үшін шынайы патриотизммен атқарып, Еліміздің басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Ғылыми еңбегін іске асыруда өз үлестерін қосып жүр. Құрылыс жасағы және «Жасыл ел» жасағы – студент жастар үшін болашақта еңбекке шынығу».

 

zhasil el 3zhasil el 5zhasil el 6zhasil el 4

 

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua