Отбасылық өмір және жастарды отбасылық өмірге дайындаудың маңыздылығы» тақырыбындағы ашық семинар

2013 жылдың 14 наурыз күні университеттің тәрбие жұмысы жөніндегі бөлімінің ұйымдастыруымен студент жастарға арналған «Отбасылық өмір және жастарды отбасылық өмірге дайындаудың маңыздылығы» тақырыбында ашық семинар өткізілді.

Семинарға №3 Орал қалалық емханасының жасөспірімдер дәрігері – геникологы С.Н.Бисембаева, Орал қалалық әділет басқармасы, азаматтардың хал актілерін тіркеу бөлімінің маманы Р.С.Даниялова, педагогика және психология кафедрасының магистр-оқытушысы С.Б.Калаханова, қазақ филологиясының магистр-оқытушысы Г.Г.Тұрғаналиева, құқықтық пәндер кафедрасының оқытушысы Ж.Ә.Базарғалиева,  университет психологы А.С.Жақсығалиева арнайы шақырылды.

Сөзді бірінші болып семинарды ұйымдастырушы тәрбие жұмысы жөніндегі бөлім жетекшісі М.И.Исатаев алып, шақырылған қонақтарды таныстырды. №3 Орал қалалық емханасының жасөспірімдер дәрігері – геникологы С.Н.Бисембаева «Жастардың дұрыс психологиялық, физиологиялық жетілуі – отбасын құруға негізгі әсер етуші факторлардың бірі», Орал қалалық әділет басқармасы, азаматтардың хал актілерін тіркеу бөлімінің маманы Р.С.Даниялова «Отан отбасынан басталады», педагогика және психология кафедрасының магистр-оқытушысы С.Б.Калаханова «Жастарды отбасылық өмірге даярлау мәселесінің әлеуметтік-психологиялық аспектілері», қазақ филологиясының магистр-оқытушысы Г.Г.Тұрғаналиева «Қазақ  әдебиетіндегі қазақ отбасыларының рөлі», құқық пәндер кафедрасының оқытушысы Ж.Ә.Базарғалиева «Қазақстан Республикасының жас отбасы және жастардың құқықтық мәртебесі» тақырыптарындағы баяндамаларын оқып, студент жастарға аталған тақырыптар бойынша пайдалы ақпараттар мен маман ретіндегі кеңестерін берді. Семинарда тақырып ашылып, жан-жақты қамтылды. Отбасы үлгісін қазақ әдебиетінен, тарихтан, шынайы өмірден, заң тұрғысынан, медицина саласынан қарастырды.

Семинарға қатысушы студенттер тарапынан өз еркімен сөз сөйлеген тарих және құқық факультетінің 1 курс студенттері Х.Атадосов, А.Шайхив және филология факультетінің 1 курс студенті О.Рапацкая семинардың тақырыбы өте өзекті екендігін және болашақта осындай шараларды кеңінен насихаттау қажеттілігін айтып, баяндамашы мамандарға, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua