БҚМУ-да жаңа спорттық алаң пайдалануға берілді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында 2020 жылы елімізде бұқаралық спортпен шұғылданушыларды 30 процентке жеткізуді жүктеген болатын. Сонымен қатар өткен жылы спорт шарасын қолдауға байланысты бейнеүндеу да жолдаған болатын. Бұл бастаманың мақсаты – еліміздің тұрғындары арасында дене шынықтыру мен салауатты өмір салтын насихаттау. Акция отандық танымал спортшылардың, еліміздің мәдениет және масс-медиа өкілдерінің қатысуымен ашық жаттығулар өткізу арқылы қазақстандықтарды дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануға ынталандыру мақсатынан туындаған болатын.

Спортпен шұғылдану, жаттығу жасау – саламатты өмір салтын қалыптастырудың негізгі кепілі болып саналатыны сөзсіз. «Денсаулығы мықты адам ғана бақытты өмір сүріп, биік мақсатқа қол жеткізе алады. Бүкіл адамзатқа белгілі қағида – байлық та емес, мансап та емес. Бақыттың 90 проценті денсаулықта жатыр. Әрбір азамат «шынықсаң, шымыр боласың» деген қағиданы берік ұстанғаны абзал», - деп атап өткен болатын Нұрсұлтан Назарбаев.

Дені сау, әрі белсенді адамдар ғана, соның ішінде жастарымыз елімізді алға жетелейтіні анық. Осы орайда, университетімізде жаңа оқу жылы және Қала күні мерекесі қарсаңында оқу орнының бас ғимараты аумағынан студенттерге арналған 920 шаршы метрді қамтыған жаңа спорттық алаң пайдалануға берілді. Бұл студенттерімізге бос уақытында спортпен айналысу, түрлі спорттық шаралар ұйымдастыру, демалуға шақыру, спортпен тұрақты түрде шұғылданатындардың қатарын көбейту, саламатты өмір салтын ұстануға бағыттауға жол ашары айқын. Спорттық алаң допты ойындарға, жеңіл атлетика, жүгіруге лайықтап жасақталған және осы алаңда дене тәрбиесі сабақтары да өтетін болады.

Қазіргі таңда университетте әр түрлі спорт түрлері бойынша 500-ге жуық студент 16 спорттық секцияға қатысса және олардың арасында спорттық клубтардың мүшелері және облыс намысын қорғап жүрген спорттық ұйымдардың командасына алынған жастарымыз да бар.

IMG 3526IMG 3540IMG 3541IMG 3546IMG 3558IMG 3609IMG 3627

 

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua