«Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы Елбасының орны» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті

IMG 9635 mini

Бүгін М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде Қазақстан Республикасы тарихы кафедрасының ұйымдастыруымен «Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы Елбасының орны» тақырыбындағы сарапшылардың қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Шара барысында алғы сөз алған университеттің тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Т.М.Даришева: Бүгінгі күні Қазақстан халқы саяси мәселелер мен өзгерістерді басынан өткеріп жатыр. Біз, қоғам болып осы өзгерістерге өз үлесімізді қосып, ойымызды айтып қалуға тырысып жатырмыз. Тұңғыш Елбасымыз ел тізгінін босатып, алдымыздан ауқымды мәселелер көтерілген шақта, ғасырға жуық тарихы бар қара шаңырақтың жасар жұмысы мен сөйлер сөзінің қай бағытта шығарына көз жүгіртетіндер аз емес. Әр мәселені жастардың назарында таразыға салып, талқылап, түп тамырымен түсіндірмейінше, біздің көңілдің тыншымасы анық. Тұңғыш Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ел мүддесі үшін атқарған еңбегі орасан зор. Мұны санасы жаңа серпіліп келе жатқан студенттен, ойы озық оқытушыға дейін жоғары бағалайды. Бүгінгі дөңгелек үстел, осынау ойнамалы уақытта қазақ қоғамын аяғына тіктеп тұрғызып, отыз жыл уақытын «Отаным» деп сарп еткен Тұңғыш көшбасшымыз Нұрсұлтан Әбішұлының тарих сахнасындағы орнына тағы бір мәрте көз жүгірту мақсатында өткізіліп отыр, - деді.

Дөңгелек үстел модераторы болған ҚР ҒА құрметті мүшесі, т.ғ.д., профессор М.Н.Сдыков алыс-жақын шетелдегі Елбасының абыройы мен мәртебесі, өзге ұлт өкілдерінің пікірлерімен, сонымен қатар, Елордамыздың Нұр-Сұлтан атауын алуына байланысты ойларымен бөлісті. Бүгінгі тыңдағаннан түйгеніміз, профессор А.С.Қыдыршаев айтпақшы, Елбасымыз – қазақ халқының рухани дәрігері. Бір нәрсе айқын, елін сүйген, елі сүйген – Елбасы – қашан да біреу болып қала бермек.

 

IMG 9630 mini

IMG 9655 mini

IMG 9686 mini

IMG 9683 mini

IMG 9661 mini
 

 

 

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua