"БҚМУ көктемі – 2019"

IMG 9737 mini «БҚМУ КӨКТЕМІ – 2019» өнерлі студенттерді қолдап, отансүйгіш, ұлтжанды, өнерсүйгіш, өресі биік, жан-жақты қалыптасқан парасатты тұлға етіп қалыптастыру және халықаралық, республикалық, облыстық өнер байқауларына, жастар шығармашылық фестивальдеріне қатысуға талантты студенттерді дайындау мақсатында М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің Жастар ісі жөніндегі комитетінің, Студенттік өзін-өзі басқару орталығының ұйымдастыруымен дәстүрлі түрде өтетін өнер фестивалі 10-16 сәуір аралығында өткен болатын. «Студенттік көктем» фестивалі – бұл өнер мерекесі. Аталмыш фестиваль студент жастар арасынан талай таланттылардың тұсауын кесті. «Студенттік көктем» фестивалі арқылы жаңа есімдер анықталып, болашақ жас жұлдыздар айқындалады. Осы өнер сайысы университетте білім алып жатқан студент жастар арасында достық қарым-қатынастың берік нығаюына, тәжірибе алмасуына жол ашады. «БҚМУ КӨКТЕМІ – 2019» өнер фестивалінде студенттер үздік жүргізуші, эстрадалық ән, ансамбль, аспапта орындау шебері, үздік дәстүрлі ән, хореография, үздік көркемсөз оқу шебері, үздік жетекші, үздік фан-клуб және үздік бейнеролик номинациялары бойынша бақтарын сынады.
Жалпы командалық есеп бойынша:
І орынды – филология факультеті;
ІІ орынды – жаратылыстану –география факультеті;
ІІІ орынды – тарих, экономика және құқық факультеті иеленді. Өнер фестивалінің салтанатты жабылуы үздіктер қатысқан гала концертке ұласты.

 

IMG 9627 mini

IMG 9635 mini

IMG 9654 mini

IMG 9673 mini

IMG 9714 mini

IMG 9717 mini

IMG 9726 mini

IMG 9734 mini

IMG 9735 mini

 

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua