Шағын футболдан турнир өткізілді

IMG 8917 miniҚазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған жолдауында айтылған бағыттардың маңызды бөлігі жастар арасында патриотизм, отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастыру, бұқаралық спортты дамытуға бағытталған. Жастар жылы аясында студент жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, достық байланысты орнату мақсатында Батыс Қазақстан облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының ЖИТС- тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталығының қолдауымен «Жас экономист» жастар қоғамдық бірлестігі Дүниежүзілік ЖИТС-тен қаза болғандарды еске алу күніне орай жоғары және арнаулы оқу орындарының студенттері арасында шағын футболдан турнир өткізілді. Тартысты өткен жарыс қорытындысы бойынша үздіктермен турнир жеңімпаздары марапатталып, жүлделі І орынды М.Өтемісов атындағы БҚМУ командасы, ІІ орын БҚИТУ командасы, ІІІ орынды Жәңгір хан атындағы БҚАТУ командасы иеленді. Жарысқа белсене қатысып, айрықша көзге түскен М.Өтемісов атындағы БҚМУ құрама командасының мүшесі АХМЕТОВ ҚАЙРАТ «Үздік қақпашы», ҚАЗИТУ құрама командасының мүшесі АНЕБАЙ ЖАҚСЫБЕК «Үздік қорғаушы» , Жәңгір хан атындағы БҚАТУ құрама командасының мүшесі ТЕНЕЛ АЛПАМЫС «Үздік шабуылшы» және М.Өтемісов атындағы БҚМУ командасының мүшесі МАҚСОТОВ РАУЛЬ «Үздік ойыншы» атанып, дипломмен және бағалы естелік сыйлықтармен марапатталды.

 

IMG 8850 mini

IMG 8853 mini

IMG 8942 mini

IMG 9165 mini

IMG 9258 mini

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua