Тарихыңды таны: «31 мамыр саяси - қуғын сүргін құрбандарын еске алу күні

15042019М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде 9-19 сәуір күндері аралығында Жаппай саяси - қуғын сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған онкүндік шаралары өткізілуде. Осы онкүндік жоспарына сәйкес 2019 жылдың 11 сәуір күні физика-математика факультетінің студенттеріне дүниежүзілік тарих және әлеуметтік- саяси пәндер кафедрасының доценті, т.ғ.к., Б.С. Боранбаева «Тарихыңды таны: «31 мамыр саяси - қуғын сүргін құрбандарын еске алу күні» тақырыбында көшпелі дәріс өткізді. Тарихи танымдық дәріс барысында студенттер Кеңестік Қазақстандағы саяси қуғын-сүргіннің себептері мен салдарлары, ұлттық элита мен халқымыздың тағдырына тигізген зардабы туралы сондай-ақ репрессия жылдарында атылған қазақтың үш қызы Ш.Шонанова, Т.Сүлейменова, М.Таңатова туралы тың деректермен танысты. Сондай-ақ «Алжир» лагерінде жазықсыз жапа шекккен әйелдер» тақырыбында И/ у -13 тобының 1 курс студенті Зеріпбаева Диана, «Карлаг» - қасірет алаңы» тақырыбында Физ-11 тобының 1 курс студенті Құдайберген Альбина қосымша баяндама оқыды.

15042019-1 

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua