«Көңілдің архивінде қалсын өлең»

17102018

Бүгін Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың иегері, көрнекті ақын, қарымды журналист, университет түлегі Ғайсағали Сейтақтың 60 жылдық мерейтойына арналған «Көңілдің архивінде қалсын өлең» тақырыбында таным мен тағылымға толы жыр кеші өтті.
Қара шаңырақтың үзілмейтін дәстүрі ол өз түлектерімен байланысын ешқашан үзбейтіндігі. Университет ректоры Серғалиев Нұрлан Хабиболлаұлы кездесу алдында ақынға үлкен құрмет көрсетіп, мерейтойымен құттықтап, иығына шапан жауып, Махамбет университетінің мақтанышына айналған Ғайсағали Сейтақтай елдің азамат-тұлғалары университеттің мерейі мен мақтанышы екендігін жеткізді.
Ақын – жүрегінде сәуле тұнған адам. Бір кеудеде азап пен ғажап сезімдерді тоғыстырған жан. Осындай қасиеттерді сөнбес жарық қылып, сезім теңізінен жыр ағытқан ақын, Ақжайық өңірінің дара тұлғасы, Махамбет университетінің түлегі, ақын Ғайсағали Сейтақ шығармашылығына арналған тағылымды кеш жыр сүйер қауымның «көңіл архивінде өлеңді мәңгіге ұялатқан» әсерімен есте қалары айқын.  

17102018-1

17102018-2

17102018-3

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua