Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде Білім күніне арналған салтанатты шара өтті

IMG 8550-min

Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде Білім күніне арналған салтанатты шара өтті.

Мерекелік жиынға ардагер ұстаздар, оқытушы-ғалымдар, студенттер мен ата-аналар қатысты. 80 мыңнан астам түлектерін ұшырған Махамбет университеті 86-оқу жылында қара шаңырақ есігін тағы да өз студенттеріне айқара ашты.
Білім күні мерекесімен құттықтаған университетіміздің ректоры, б.ғ.к., қауымдастырылған профессор Н.Х. Серғалиев Махамбет университетінің түлектері– оқу ордасының, еліміздің мақтанышы, басты байлығымыз – ол педагог, ұстаз, ғалым, ардагерлер екендігін жеткізді. Мәңгілік елдің болашағы – білімді жастарды тәрбиелеуде, білікті маман, ұлтжанды азамат, талантты тұлға дайындауда ұстаздар қауымына толағай табыс пен шығармашылық ізденістер тіледі.
Мерекелік жиынға арнайы келген көрнекті ақын, қоғам қайраткері, университетіміздің құрметті профессоры Ақұштап Бақтыгереева ұстаздарды білім мерекесімен құттықтап, студенттерге ақ тілегін жолдады. Салтанатты шара өнер факультетінің вокалды және би ұжымының, республикалық және халықаралық конкурс лауреаттарының мерекелік концертімен жалғасын тапты.

4050

4568

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua