Ел рәміздері – еркіндік нышаны

Ел рәміздері – еркіндік нышаны

 

«Мемлекеттік рәміздер – бұл біздің мемлекетіміздің, біздің егемендігіміздің берік негізінің бірі. Олар Тәуелсіздіктің қасиетті біріктіруші образын білдіреді»

 Н.Ә.Назарбаев

Мемлекеттік рәміздер – еліміздің дербестігі мен тәуелсіздігін күллі әлемге жария етуші әрі мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтық жарқын бейнесі. Халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаћармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер.

Елтаңбамыз ел тарихының тереңінен тамыр тартып, ұлттық рухымызды асқақтатып, шаңырағымыздың беріктігін паш етіп, республикамыздың қанатты тұлпардай ұшқырлығын айғақтап отыр. Осының бәрі - Қазақстанның жаңа тарихының қастерлі беттері. Оның қасиеттілігі сол, Отанның өзі нақ осы Тудан, Елтаңба және Гимннен бастау алады. 1992 жылдың 4- маусымы – тарихи күн. Осы тарихи күн аясында М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың Ғылыми кітапхана ұжымының кітапханашылары студенттерге осы күнді насихаттау, отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, еліміздің қастерлі мерекелерін ұмытпай патриоттық тәрбие беру мақсатында №4 оқу залында «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш» атты шара оздырылды.

Шараға мәдениет және өнер факультетінің 1 курс, педагогика факультетінің 1, 3 курс, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығының 3 курс студенттері және педагогика-психология кафедрасының аға оқытушысы Кулдашова Надежда Устагалиевна қатысты. Шара барысында Еліміздің рәміздері жайлы |Серікқалиев Е, Жұмадинов Ә, Ахметова Қ баяндады.Кулдашова Н.У. шараға арналған көрмеге шолу жасады. Шара соңында Нұрмаған А. Көк тудың желбірегені рухты оятатын патриоттық әннің шығу тарихымен аяқтады. Аталмыш шара университетіміздің Тарих, экономика және құқық факультетінің №3 оқу залында жалғасын табады. Рәміздер – бұлар біздің еліміздің, Қазақстанымыздың, яғни Республикамыздың бет бейнесі, біз үшін биік, біз үшін қастерлі. Қазақстанның әрбір азаматы оларды құрметтеп, қастерлей білуі қажет.

 

Ғылыми кітапхана

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua