1 Наурыз алғыс айту күні

Алғыс айту күні – ұл, ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні. Алғыс айту күні – күрделі заманда нық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматтарының бір-біріне құрмет білдіретін күн. Осы орайда М.Өтемісов атындағы БҚМУ – тің Ғылыми кітапхана ұжымы 22-ші ақпан күні бас ғимараттың №209 дәрісханасында Алғыс айту күніне орай көп балалы ата-аналарға арналған «Ата-анаға мың алғыс» атты кездесу кеші ұйымдастырылды.

Шара барысы таныстыру, сұрақ-жауап, психологиялық тренинг бағытында өрбіді. Шараға: «Рухани жаңғыру» институтының аға ғылыми қызметкері, техника ғылымдарының докторы, профессор, 5 баланың әкесі Айталиев Ермек Сәтпайұлы; М.Өтемісов атындағы БҚМУ-нің кіші қызметкері , 5 баланың анасы Кадркулова Гүлайым Құрманқызы; М.Өтемісов атындағы БҚМУ Жоғары оқу орынға дейінгі дайындық орталығының әдіскері, «Биология және экология» кафедрасының аға оқытушысы, ауыл шаруашылығы ғылымдырының кандидаты 4 баланың әкесі Молдағанов Нұржан Рахметұлы; Музыкалық білім және вокал кафедрасының оқытушысы, магистр, облыстық аналар кеңесінің мүшесі, Ажар қоғамдық бірлестігінің мүшесі, Мәдениет және өнер факультетінің қыздар кеңесінің төрағасы, 5 баланың анасы Қуаншалиева Раушан Жардемқызы қатысты.

Көңіл күй мен жүректерді тербеген шарада Музыкалық білім және вокал мамандығының 1 курс студенті Сақтайов Нұрсұлтан «Апау» әнін тебіренте шырқаса, Филология факультетінің 1 курс студенті Бақытжанова Айзада өзінің туындысынан «Аналарға», «Әкеге» атты поэзиясын оқыды. Алғыс айту күні жүрегіміз нұрға, көңіліміз жырға толып, әдемі еске қалар шарада отбасы ошақ, ұя-жылулықтың мекені «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болу үшін «Тілек шамын» жағып жүректегі ақ тілегімізді жолдадық. Ата-анамызды құрметтеп, жылы лебіз, асыл сөздерімізді аямай бағалы жандарымызды бағалайық! Еліміз аман, тұғырымыз биік, шаңырағымыз берік болсын деп кеш соңын қорытындыладық.

Ғылыми кітапхана

 

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua