«Тәуелсіздік дәуірі» кітабы - жас ұрпаққа тарихи сабақ

Бұл кітап менің ұлы қолдаушым, кемел келешегіне

өзінің қазақстандық жолымен қарыштаған

жасампаз халқыма арналады!

Н.Ә.Назарбаев

 

8 ақпан күні М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде Ғылыми кітапхана мен «Рухани жаңғыру» институты ұйымдастырған Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабының таныстырылымы өтті. Жиынның ашылуына университеттің ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры, саясаттану ғылымдарының кандидаты Олег Юров аталмыш оқу орнында дәстүрге айналған Елбасымыздың жолдауын сараптап талдау жасалатынын атап өтті. Өскелең ұрпақтың өз Қазақстан дәуірінің тарихын білу мен қатар құрметтеуді, жас ұрпаққа патриоттық тәрбиені қалыптастыруды маңызды екенін жеткізді.

Жақсы кітап — ақылды адамның әңгімесімен бірдей. Елбасымыз болашақтың жастарына мұра болып қалатын, тарих төрінен орын алатын «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабын жарыққа шығарды. Елбасының кітабы – жаңа тарихтың толғауы. «Тәуелсіздік дәуірі» публицистика жанрында жазылған. Қазақ және орыс тілдерінде жарыққа шықты. Елбасымыздың тәуелсіздік туралы ой-толғамдарының жиынтығы. Тәуелсіздік шежіресін тұтас қамтыған кітап төрт бөлімнен тұрады: «Мемлекеттің дүниеге келуі»,«Ұлы бетбұрыс»,«Қияға құлаш сермеу» және «Қалыптасқан мемлекет» деп аталады. Кезең-кезеңімен сипатталатын дәуірде жаңғуырудың үш бірдей толқыны кеңінен ашып көрсетілген . Бұл энциклопедияда 1991 жылдан бастап түрлі экономикалық дағдарысты бастан кешіріп, жаңғыру жолына түсе алған қазақ елінің жаңа дәуірдегі даму тарихы кеңінен тарқатылған. Өткенді білмей, болашаққа қадам басу мүмкін емес. Сондықтан бұл энциклопедияны әсіресе жастарға дәріптеу маңызды.

Шарада «Рухани жаңғыру» институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, доцент А.С.Тасмағамбетов «Тәуелсіз Қазақстанның даму тарихын жан-жақты қамтыған еңбек», тарих ғылымдарының магистрі, қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушы Г.Т.Жалекенова «Труд Н.А.Назарбаева «Эра независимости» - как фундамент современной истории Казахстана», Ғылыми кітапхана кітапханашысы А.М.Кенжеғалиева «Елбасы – тарих толқынында» атты баяндамалар жасалды. Ғылыми кітапхана кітапханашысы С.С.Нургалиева «Елбасы жолдады – елі қолдады» атты көрмеге шолу жасады. «Ежелден ел тілегі – ер тілегі Адал ұл ер боп туса – ел тірегі» деген халық нақылының өміршеңдігін Елбасының ерен еңбегімен егіз қарап, шынайы ой мен іргелі істеріне қарап айтуға болады. «Шынайы ізгілік жайлаған елді ғана Отаным деп есепте » деген ұлылар сөзін жадында сақтай білген Елбасының бүгінгі таңда атқарып келе жатқан істерінен келісті келешегіміздің келбетін көре аламыз. Сол келісті келешектің көшіне ілесер жас ұрпақты, Елбасы сынды даралар жолына бағыттай білсек, ұпақтарымыздың келер күндері бұдан да жарқын, бұдан да айқын боларына сеніміміз мол. Қазақстанның жаңа тарихынан сыр шертетін туынды уақыт өте келе ел жөніндегі таптырмас танымдық оқу құралына айналары сөзсіз. Жақсы кітаптар жандарыңызға серік болсын! Жан азығы – кітапты ардақ тұтайық!

М.Өтемісов атындағы БҚМУ,
Ғылыми кітапхана директоры
Т.Е. Алимбекерова

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua