Сталинград шайқасына 75 жыл

Сталинград шайқасы – екінші дүниежүзілік соғыстағы басты шайқастардың бірі. Ол қорғаныс (1942 жыл 17 шілде – 18 қараша) және шабуыл (1942 жыл 19 қараша – 1943 жыл 2 ақпан) кезеңдерінен тұрады. Ұлы Отан соғысының ауыр күндері болып табылатын бұл шайқас тура 200 күнге (1942 жылғы 17 шілде – 1943 жылғы 2 ақпан) созылды. Кеңес әскери өнерінің салтанат құрғанын танытқан Сталинград шайқасындағы жеңіс сонымен бірге антигитлерлік коалицияның нығая түсуіне және фашистік блок ішінде алауыздық тууына тікелей әсер етті. Биыл Сталинград шайқасындағы жеңіске 75 жыл толып отыр. Осы оқиғаны еске ала отырып, М.Өтемісов атындағы БҚМУ ғылыми кітапханасы әкімшілік ғимарат пен «Тарих, экономика және құқық» факультеті дәлізінеде кітап көрмесін ұйымдастырды. Мұғалімдер мен студенттер Сталинград шайқасына арналған кітаптар мен мақалалар арқылы ауыр қанды соғыс кезінде Қазақстан халқының батырлығы мен ерліктерімен жақынырақ танысты.

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua