«Бір сағаттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпарат»

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «Бір сағаттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпарат» атты шараның өткізілгені туралы ақпарат

2017 жылдың 29 қарашасында университеттің алты факультетінде «Бір сағаттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпарат» атты тақырыпта шара өтті.

Шараға университеттің 5086 студенті мен 220 оқытушысы қатысты.

Жергілікті БАҚ өкілдері шақырылды.

Бас ғимараттың акт залында университет ректоры А.С.Имангалиев сөз сөйледі.

Жемқорлық фактілерінің төзуге болмайтын қатынас саясатын қолдау мақсатында факультеттерде факультет декандары, оқытушылар, студенттер сөз сөйледі.Тарих, экономика және құқық факультетінің деканы э.ғ.к. доцент Нестеренко Г.И. жемқорлыққа қарсы халықаралық және қазақстандық тәжірибе туралы айтып берді, сонымен қатар жоғары оқу орындарында академиялық парасаттылық пен адал мінсіз беделдің нығая түсуі үшін оқытушыларға да үлкен жауапкершілік жүктелетінін баса атап өтті.

Шара соңында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тәртібі» туралы бейне ролик көрсетілді.

 

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua