Диплом табыстау салтанаты оздырылды

2017 жылдың 29 маусым күні университетімізде филология факультеті студенттеріне түлектердің көптен күткен мерекесі, яғни диплом табыстау салтанаты оздырылды. Аталмыш шараға М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры, академик А.С. Иманғалиев қатысып, бітіруші түлектерге ақ жол тіледі. Оқуды үздік тәмамдаған студенттерге өз қолымен «қызыл» диплом табыстап, университет қабырғасында болған жылдарында оқу мен ғылым саласында үздік көрінген, қоғамдық жұмыстардың бел ортасынан табылған студенттерді Алғыс хаттармен марапаттады.  «Әр университет жұмысының көрсеткіші – түлектері. Түлектерінің еңбек жолындағы үздік жетістіктері – университет үшін зор мақтаныш.

Осы орайда БҚМУ түлектері қоғамның барлық саласында белсенді еңбек етіп, алдыңғы қатардан көрініп жүр. Өз ісінің шебері атанып, туған университетінің дәрежесін көтеріп жүрген барша түлектерімізге үлкен алғысымды жеткіземін», – деді өз құттықтауында Асхат Сәлімұлы. Салтанатты іс-шарада  бітіруші түлектерді М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің тәрбие ісі және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Т.М. Даришева, ғылым және стратегиялық даму ісі жөніндегі проректор О.В. Юров, филология факультетінің деканы З.Ж. Мүтиев, ардагер ұстаз М.Ж. Жолдықайырова, кафедралардың профессор-оқытушылар құрамы құттықтап, ізгі тілектерін жолдады. Өз кезегінде ата-аналар қауымының өкілдері мен бітіруші түлектер атынан  да студенттер сөйлеп, өздері төрт жыл оқып білім алған, тәлім мен тәрбиенің алтын бесігі болған – БҚМУ-ға, оқытушы-ұстаздар қауымына, кураторларына алғыс сезімдерін жолдады. Филология факультетінің үш кафедрасының (қазақ филологиясы, шетел тілдері, орыс филологиясы) мамандықтары бойынша (күндізгі және сырттай бөлім) 2017 жылы 251 білім бакалавры аяқтаса, оның 47-сі үздік дипломмен тәмамдап отыр. Салтанат соңында университет жанынынан құрылған  «Қорған» тобы бітіруші түлектерге арнап әсем әнін жолдады.

tylek1 tylek2 tylek3 tylek4

 

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua