Арман шындыққа ұласты

Қазақстанды әлемге танытудың кезекті маңызды жобаларының бірі -  «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі. Аз уақыт ішінде үлкен жұмыстар атқарылыды. Еліміз қонақтарды Астана төрінде қарсы алуға дайын. Міне, көптен күткен күн де туды. Үміттер ақталуда. Қазақстан кезекті биік шыңды бағындыруға сақадай сақ тұр. Елімізді танытатын «Нұр Әлем» павильоны өзге, Ресей, АҚШ, Германия, Қытай, Өзбекстан т.б. сынды елдердің көрмелері көздің жалын алардай. Бұл кереметтей сезімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес, оны тек көзбен көріп, көрменің қатысушысы болған жағдайда ғана сезінуге болады.  

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, тәрбие бөлімінің қызметкері Ж.Т.Тапаева бастаған бір топ студент, елімізде тұңғыш рет өтіп жатқан  ЭКСПО - 2017 халықаралық көрмесін тамашалап қайтты.  Көптен күткен көрмеге маусым айның 12 күні оқу орынның алғашқы қатысушылары ретінде Орал қаласының «Мир путешествий» туристік агенттігі арқылы 50-ден астам студент, оқытушылар  барып, жоғары деңгейде ұйымдастырылған әлемдік жобаның  куәгері болды. Олардың Астана қаласына сапарлары алдымен, темір жол вокзалында ерікті, гидтердің күтіп алуымен басталды. Кейін Астана қаласының көрнекті жерлеріне, мұражайларға, демалыс орталықтарына  саяхат жасау арқылы, қаланың мәдениетімен танысқан болатын. Келесі күні  әлемдік жоба «ЭКСПО – 2017» халықаралық көрмесін тамашалаған студенттердің қуанышында шек жоқ. Өйткені теледидар, әлеуметтік желідегі көрсетілімдерден бөлек, Астана қаласына барып, әр елдің көрмелерін тамашалау студенттер үшін сөзбен жеткізу мүмкін емес еді.  

expo1 expo2 expo3 expo4 

 

 

   

 

 

 

 

expo5

 

 

 

 

 

 

 

  

«Астанадағы «ЭКСПО 2017» көрмесіне еліміздің түкпір-түкпірінен сан мыңдаған халық ағылып келіп жатыр. Халықтың қуанышында шек жоқ. Біз де өр рухты Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде білім алып жатқан «Серпін» жастары өз үлесімізді қосу үшін Астана қаласына келіп,  көздің жалын алардай Қазақстанның «Нұр Әлем» көрмесін көріп,  еліме деген, туған жеріме деген  мақтаныш сезімім одан әрі арта түсті» - «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының І курс студенті Оразхан Бағдат.

 expo6 

 

 

 

 

  

 

 

 

 

 

 

 «Біз, «Серпін» әлеуметтік жобасының студенттері болып, көрмені тамашалауға алғашқылардың бірі болып келген болатынбыз. Алдымен Астана қаласының көрікті жерлері мен мұражайларн араладық. Келесі күні ЭКСПО 2017 көрмесін,  оның ішінде «Нұр Әлем» ұлттық павильонын, кейін көптеген елдердің көрмелеріне бас сұқтық. Әр қойылған көрмеде «Болашақ энергиясы» тақырыбына сай, түрлі энергияны алу мен қолдану түрлері, сонымен қатар жаңа энергия көздері туралы көптеген экспонаттар, макеттер, проектілер көрсетілген болатын. Мен өз еліммен мақтанамын, өз еліме сенемін! Біз әлі талай шыңды бағындырамыз! Елордамыз болашақта әлем танитын қала болатынына сенімдіміз!» - «Физика» мамандығының ІІ курс студенті Жаңабай Асылтас.

 

expo7

 

 

 

 

 

 

 

  

Халықаралық көрме жоғары деңгейде өтті! Үміттер ақталуда, еліміз әлемге танылу жолында. Біз Ұлы дала -  Қазақ елінінің ұрпағы болғанымызға   мақтанамыз! Біз Қазақстанның болашағы жарқын болатынына сенімдіміз! 

 

 

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua