«Конституциялық реформалардың халықаралық тәжірибесін талқылауға арналған М.Өтемісов атындағы БҚМУ жас ғалымдарының пікір-алмасу алаңы» атты дөңгелек үстел

28 қаңтар 2017 жылы М.Өтемісов атындағы БҚМУ №1 оқу ғимаратының 205 мәжіліс-залында «Конституциялық реформалардың халықаралық тәжірибесін талқылауға арналған М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті жас ғалымдарының пікір-алмасу алаңы» атты дөңгелек үстел өкізілді. Аталмыш шараны стратегиялық даму және коммерцияландыру орталығы, жоо-дан кейінгі дайындық бөлімі және ғылыми кітапхана ұйымдастырды. Шараға университетіміздің магистранттары мен жас ғалымдары қатысты.

Дөңгелек үстелдің ашылуын модератор Д.Ж. Танзенов – Қазақстан Республикасының тарихы кафедрасының оқытушысы, тарих ғылымдарының магистрі бастап, сөз кезегін М.Өтемісов атындағы БҚМУ тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Т.М. Даришева және шараның қонағы Г.С. Рыскалиева және жобаларды жүзеге асыру бөлімінің басшысына берді.

28-1-1 28-1-2

Дөңгелек үстелде А.Қ. Нұржанова – құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі баяндама тақырыбы «Қазіргі таңдағы Конституцияға енгізілген өзгерістердің тиімділігі», Г.З. Абдрахманова – Қазақстан Республикасының тарихы кафедрасының оқытушысы, тарих ғылымдарының магистрі, баяндама тақырыбы «Международный опыт конституциональных реформ и казахстанский путь», Ж.К. Алдияров – дүниежүзілік тарих және әлеусеттік-саяси пәндер кафедрасының оқытушысы, әлеуметтік ғылымдарының магистрі, баяндама тақырыбы «Французская конституционная реформа 2008 года – ответ на вызовы современности» атты баяндамаларын оқыды. Пікір таласта стратегиялық даму және коммерцияландыру орталығының жетекшісі 6D060900 – География мамандығы бойынша философия (PhD) докторы Э.Ж. Имашев, жаратылыстану-география факультетінің екінші курс магистранттары А. Сарсенова, А. Жомартова өз ойларын білдірді. 

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша университетіміздің магистранттары мен жас ғалымдары елімізде жасалып жатқан Конституциялық реформаларын бір ауыздан қолдады. 

 

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua