«Мәңгілік елдің алтын адамы» атты республикалық театрлар фестивалінің ХХІV маусымы

Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма  театрында Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған белгілі ақын-драматург, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, халықаралық «Алаш» және тәуелсіз «Платиналы Тарлан» сыйлықтарының иегері ақын-драматург Иран-Ғайыптың (Иранбек Оразбаев) «Мәңгілік елдің алтын адамы» атты республикалық театрлар фестивалінің ХХІV маусымы 2016 жылдың  22 қазан күні  шымылдығын ашты. Содан кейін  республикалық театрлар фестивалін Иран-Ғайып халық композиторы, ақын әрі әнші Мұхит Мерәлінің 175 жылдығына арнап жазған қазақ драма театрының «Ән-Мұхит» драмалық дастанының премьерасымен ашылды.

Рухани азық алатын, жан дүниеңді бір серпіліске  алып келетін, жаныңның тыныштық тауып тұлғалық өсуге көмектесетін спектальдерді  Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік уииверситетінің студенттері мен оқытушылары шақырылды.

Фестивальге Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театры (Орал қаласы), Ғ.Мүсірепов атындағы балалар және жасөспірімдер театры (Алматы қаласы), Оңтүстік Қазақстан орыс театры (Шымкент қаласы), Абай атындағы мемлекеттік қазақ музыкалық театры (Семей қаласы) қойылымдарымен қатысып,  халыққа тартуда рухани  мәдени демалыс тартуда.

 

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua