Жастардың бойында рухани құндылығын қалыптастыру

Бүгінгі жастар білімді болуы мүмкін, техниканың құлағында ойнауы да ықтимал, ақша табудың жолдарына да жетік болуы ғажап емес. Алайда осылармен қатар ол жастардың рухани байлығы тым төмен болса, олардан елге де, жұртқа да, ертеңгі келешекке де мардымды пайда келмесі анық. Көзіміздің нұры, келешегіміздің кепілі болатын жастарымызға үйде ата-анасы, көшеде мемлекеті жанашырлықпен қолға алып ие болмаса, бүгін аузын арандай ашқан жаһанданудан, әлемді жайлап бара жатқан рухани дағдарыстан аман шығу қиынның қиыны, іші рухани күйін, адамгершілік  тәрбиесін қуаттандыруға арналған университетімізде кездесулер өткізілді. 

din 1 din 2 din 3

Ағымдағы  жылдың  қазан  айының  10-18 аралығында М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде Қазақстан  Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс – қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға  арналған мемлекеттік бағдарламаның 5 тармағына сәйкес «Ақпараттық – насихаттау топтарының радикалды діни идеологияның және басқа теріс пиғылды көзқарастардың ықпалына ұшырамаған тұрғындар арасында  патриоттық сезімдерін нығайту, сондай-ақ бұрмаланған діни көзқарастардың қалыптасуын алдын алу мақсатында ақпараттық - түсіндіру жұмыстарын жүргізу»  жұмыстарын орындау мақсатында құрылған жоспарға сәйкес университеттің студенттерінің ақпаратпен танысу кестесі  кұрылды. Кестеге сәйкес студенттерге қазан айында «Мәзхаб дегеніміздің мәйегі», «Ислам заңдылықтарының қоғамда әсері», «Отбасы-жауапкершілік», «Ислам татулық пен бірлік діні» тақырыбында студенттерге арнайы шақыртылған Тәжиден Батырұлы атындағы мешіттің имамы Құмаров Ерген Қонысұлы, Дін мәселелерін зерттеу орталығының бөлім басшысы, исламтанушы Убаев Наурыз Ибатұлы, Орал облыстық орталық мешітінің имамы Асанов Марат Рахметоллаұлы, Қожагелдиев Бауыржан Убалханұлы Дін мәселерін зерттеу орталығының маманы, исламтанушы ақпараттандырушы өкілдермен кездесулер өткізілді. Рухани адамгершілік тәрбие беруге бағытталған  кездесулерге алты факультеттің 1000 аса 1 курс  студенттері  қатысты.

 Кездесулер барысында Ислам бейбітшілікті насихаттайтын дін екені жеткізілді. Соңғы кездегі ислам мен терроризмнің бірге айтылуы қате пікір екенін, зорлау саясатын тудыратын түрлі деструктивті ағымдар — ислам дінінен емес екені түсіндірілді. Олар ислам дінінің атын жамылған теріс ағымдар екені туралы пікірлер айтылды. Кездесу кезінде студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарына тұшымды, жетімді жауап  алды.  

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua