Мемлекеттік жастар саясаты іске асыру бойынша тәжірибе алмасу

alfiya 42016 жылдың  23-24 маусым күндері  Астана  қаласында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, Л.Н.Гумелев атындағы Еуразия ұлттық университеті,  «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен  «Мемлекеттік жастар саясаты  іске асыру аясында жастар ісі жөніндегі  комиттердің рөлі» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді. Семинар-тренингке  Қазақстан Республикасының 16 облысынан 70 ке жуық жастар көшбасшылары жиналды.  Семинар-тренинг мақсаты жастар ісі жөніндегі комитеттерінің  жүйесін жақсарту. Еліміздің барлық жоғары оқу орындарындағы жастардың әлеуметтенуі мен дамуына зор үлес қосатын, аймақ шеңберінде мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға жастардың  әлеуметтенуіне мүмкіндік беретін,болуға тиіс аса маңызды институттарының бірі екенін айқындау.

 

alfiya 1 alfiya 2 alfiya 3

 

 

 

 

 

 

 

Семинардың бірінші күні «Қазақстандағы білім реформасының маңызды аспектілері» тақырыбында ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілдерінің қатысуымен    диалогтік алаң  құрылып Қазақтандағы білім саласындағы жаңа өзгерістер,  техникалық білім беру туралы сұрақ жауап алаңы құрылды.

Семинар-тренинг өткізу барысында қоғамдағы өзекті болып отырған мәселелер, халықаралық деңгейде  өткізілетін шаралар туралы қозғалды. «ЭКСПО 2017 Халықаралық көрмесіне аймақтардан  еріктілердің қатысуы» тақырыбында тренер К.Абдрахманов дәріс оқыды. Дәрістің мақсаты Өңірлерден келетін еріктілердің   орналасуы, қауыпсіздігі, толықтай дайындығы, мүмкіндіктері туралы айтылды,  «Қазіргі заманғы қауып-қатерлер Жастар арасында дәстүрлі емес діни ағымдар өкілдерін айқындау және ескерту» тақырыбында Ю.Денисенко өзінің семинарында жастарды діни табынушылыққа бой алдырмаудың психологиялық, білімділік тұрғысынан түсіндіріп психологиялық-тренингтер, студент-жастар арасында сыни-тұрғыдан ойлау маңыздылығын дамыту туралы айтылды. 

24 маусым  екінші күні «Жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту туралы» тақырыбында тренер  А.Даутов өткізді. Мақсаты жоғары оқу орындарында «Бизнес-инкубатор», студенттер арасында кәсіпкерлікті дамыту бойыша кеңестер беру. «SMM-қозғалысы» тақырыбында А.Данилов жүргізді.  Тренингтің мақсаты әлеуметтік желілер арқылы жоғары оқу орындарының имиджін көтеру, талапкерлерді оқуға тарту, студент жастар арасында әлеуметтік желіде жұмыс жасаудың жаңа жолдарын үйрету болды. 

Қорытынды дөңгелек үстел «Білім беру және кәсіпорындар жүйесінде  жастар ісі  жөніндегі комитеттерінің ең үздік тәжірибелері» тақырбында өткізілді. Дөңгелек үстелге   ҚР Білім және ғылым министрлігі  жастар саясаты департаментінің өкілдері, «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» ММ директорының орынбасары ҚУАНЫШЕВ Жапсарбай Ілиясұлы, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Юлия Кучинская қатысты. Дөңгелек үстел барысында Жоғары оқу орындары мен кәсіпорындардың жастар комитетіндегі жұмыстарды жүргізудің тәжірибелерімен бөлісті. Менде  біздің университеттегі 2005 жылы құрылған «Өзін-өзі басқару ұйымынң» 10 жылдық тәжірибесімен бөлісіп жеткен жетістіктерімізді айтуға мүмкіндік алдым. Семинар-тренинг нәтижесінде тест өткізіліп сертификатпен марапатталдық.

 

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua