Начал свою работу студенческий строительный отряд "Махамбет жастары"

М.Өтемісов атындағы БҚМУ "Махамбет жастары" студенттік құрылыс жасағы жылдағы дәстүр бойынша өз жұмысын бастады. Қазіргі таңда жасақ құрамында 20 студент жұмыс жасауда. Бас ғимарат алдын көгалдандыру мен жаңадан салынатын құрылыс нысандарының жұмыстарына өздерінің көмектерін тигізуде. Ал сіз студенттік құрылыс жасағында жұмыс жасадыңыз ба?  

5eeca620-357d-410e-a5de-56db189e581a

06c55acf-97eb-4bc5-ba63-5a3d3df91b94

7dd3972f-ae14-4c23-bea8-7fb22550ef45

9459e962-570e-44fa-821b-40983e94917f

b43ab354-ca2c-4c9d-acb7-917452ba3cbc

e36087d5-3f7d-46cc-9b73-85c3edd90af2

«Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы Елбасының орны» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті

IMG 9635 mini

Бүгін М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде Қазақстан Республикасы тарихы кафедрасының ұйымдастыруымен «Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы Елбасының орны» тақырыбындағы сарапшылардың қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Шара барысында алғы сөз алған университеттің тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Т.М.Даришева: Бүгінгі күні Қазақстан халқы саяси мәселелер мен өзгерістерді басынан өткеріп жатыр. Біз, қоғам болып осы өзгерістерге өз үлесімізді қосып, ойымызды айтып қалуға тырысып жатырмыз. Тұңғыш Елбасымыз ел тізгінін босатып, алдымыздан ауқымды мәселелер көтерілген шақта, ғасырға жуық тарихы бар қара шаңырақтың жасар жұмысы мен сөйлер сөзінің қай бағытта шығарына көз жүгіртетіндер аз емес. Әр мәселені жастардың назарында таразыға салып, талқылап, түп тамырымен түсіндірмейінше, біздің көңілдің тыншымасы анық. Тұңғыш Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ел мүддесі үшін атқарған еңбегі орасан зор. Мұны санасы жаңа серпіліп келе жатқан студенттен, ойы озық оқытушыға дейін жоғары бағалайды. Бүгінгі дөңгелек үстел, осынау ойнамалы уақытта қазақ қоғамын аяғына тіктеп тұрғызып, отыз жыл уақытын «Отаным» деп сарп еткен Тұңғыш көшбасшымыз Нұрсұлтан Әбішұлының тарих сахнасындағы орнына тағы бір мәрте көз жүгірту мақсатында өткізіліп отыр, - деді.

Дөңгелек үстел модераторы болған ҚР ҒА құрметті мүшесі, т.ғ.д., профессор М.Н.Сдыков алыс-жақын шетелдегі Елбасының абыройы мен мәртебесі, өзге ұлт өкілдерінің пікірлерімен, сонымен қатар, Елордамыздың Нұр-Сұлтан атауын алуына байланысты ойларымен бөлісті. Бүгінгі тыңдағаннан түйгеніміз, профессор А.С.Қыдыршаев айтпақшы, Елбасымыз – қазақ халқының рухани дәрігері. Бір нәрсе айқын, елін сүйген, елі сүйген – Елбасы – қашан да біреу болып қала бермек.

 

IMG 9630 mini

IMG 9655 mini

IMG 9686 mini

IMG 9683 mini

IMG 9661 mini
 

 

 

"БҚМУ көктемі – 2019"

IMG 9737 mini «БҚМУ КӨКТЕМІ – 2019» өнерлі студенттерді қолдап, отансүйгіш, ұлтжанды, өнерсүйгіш, өресі биік, жан-жақты қалыптасқан парасатты тұлға етіп қалыптастыру және халықаралық, республикалық, облыстық өнер байқауларына, жастар шығармашылық фестивальдеріне қатысуға талантты студенттерді дайындау мақсатында М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің Жастар ісі жөніндегі комитетінің, Студенттік өзін-өзі басқару орталығының ұйымдастыруымен дәстүрлі түрде өтетін өнер фестивалі 10-16 сәуір аралығында өткен болатын. «Студенттік көктем» фестивалі – бұл өнер мерекесі. Аталмыш фестиваль студент жастар арасынан талай таланттылардың тұсауын кесті. «Студенттік көктем» фестивалі арқылы жаңа есімдер анықталып, болашақ жас жұлдыздар айқындалады. Осы өнер сайысы университетте білім алып жатқан студент жастар арасында достық қарым-қатынастың берік нығаюына, тәжірибе алмасуына жол ашады. «БҚМУ КӨКТЕМІ – 2019» өнер фестивалінде студенттер үздік жүргізуші, эстрадалық ән, ансамбль, аспапта орындау шебері, үздік дәстүрлі ән, хореография, үздік көркемсөз оқу шебері, үздік жетекші, үздік фан-клуб және үздік бейнеролик номинациялары бойынша бақтарын сынады.
Жалпы командалық есеп бойынша:
І орынды – филология факультеті;
ІІ орынды – жаратылыстану –география факультеті;
ІІІ орынды – тарих, экономика және құқық факультеті иеленді. Өнер фестивалінің салтанатты жабылуы үздіктер қатысқан гала концертке ұласты.

 

IMG 9627 mini

IMG 9635 mini

IMG 9654 mini

IMG 9673 mini

IMG 9714 mini

IMG 9717 mini

IMG 9726 mini

IMG 9734 mini

IMG 9735 mini

 

Ерниязова Әлиза қола медальға ие болды!

6ff00cb0-688e-4922-a1e9-f182235faf3626.04.-4.05.2019 жылы Түркияның Анталия қаласында тоғызқұмалақтан ерлер мен әйелдер арасында 5-ші Әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Нәтижесінде жерлесіміз Ерниязова Әлиза рапид түрі бойынша қола медальға ие болып, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері дәрежесін орындады. Облысымызда осымен 4-ші ХДСШ. Әлиза 4-сыныптан, Орал қаласындағы 44-мектепте тоғызқұмалақ үйірмесіне қатысып бастады. Бүгінде Махамбет Өтемісов атындағы БҚМУ дене шынықтыру және спорт факультетінің 1-курс студенті. Жеңіс құтты болсын, ағайын!

Шағын футболдан турнир өткізілді

IMG 8917 miniҚазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған жолдауында айтылған бағыттардың маңызды бөлігі жастар арасында патриотизм, отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастыру, бұқаралық спортты дамытуға бағытталған. Жастар жылы аясында студент жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, достық байланысты орнату мақсатында Батыс Қазақстан облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының ЖИТС- тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталығының қолдауымен «Жас экономист» жастар қоғамдық бірлестігі Дүниежүзілік ЖИТС-тен қаза болғандарды еске алу күніне орай жоғары және арнаулы оқу орындарының студенттері арасында шағын футболдан турнир өткізілді. Тартысты өткен жарыс қорытындысы бойынша үздіктермен турнир жеңімпаздары марапатталып, жүлделі І орынды М.Өтемісов атындағы БҚМУ командасы, ІІ орын БҚИТУ командасы, ІІІ орынды Жәңгір хан атындағы БҚАТУ командасы иеленді. Жарысқа белсене қатысып, айрықша көзге түскен М.Өтемісов атындағы БҚМУ құрама командасының мүшесі АХМЕТОВ ҚАЙРАТ «Үздік қақпашы», ҚАЗИТУ құрама командасының мүшесі АНЕБАЙ ЖАҚСЫБЕК «Үздік қорғаушы» , Жәңгір хан атындағы БҚАТУ құрама командасының мүшесі ТЕНЕЛ АЛПАМЫС «Үздік шабуылшы» және М.Өтемісов атындағы БҚМУ командасының мүшесі МАҚСОТОВ РАУЛЬ «Үздік ойыншы» атанып, дипломмен және бағалы естелік сыйлықтармен марапатталды.

 

IMG 8850 mini

IMG 8853 mini

IMG 8942 mini

IMG 9165 mini

IMG 9258 mini

Ғарифолла Құрманғалиевтың 110 жылдығына орай «Ән сұңқары Ғарекең» атты кеш өтті

23 сәуір күні университетіміздің дәстүрлі музыкалық өнер кафедрасының студенттері мен оқытушыларының ұйымдастыруымен Ғарифолла Құрманғалиевтың 110 жылдығына орай «Ән сұңқары Ғарекең» атты кеш өтті. Кеште Ғарифолла Құрманғалиевтің өмірі туралы бейне-сюжет көрсетіліп, елге кеңінен тараған әндері шырқалды. Студент жастарға алдыңғы буын өкілдерінің ғұмыры мен шығармашылығын таныту жолында жасалған жұмыс – өз жемісін бергені анық. 

Тарихыңды таны: «31 мамыр саяси - қуғын сүргін құрбандарын еске алу күні

15042019М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде 9-19 сәуір күндері аралығында Жаппай саяси - қуғын сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған онкүндік шаралары өткізілуде. Осы онкүндік жоспарына сәйкес 2019 жылдың 11 сәуір күні физика-математика факультетінің студенттеріне дүниежүзілік тарих және әлеуметтік- саяси пәндер кафедрасының доценті, т.ғ.к., Б.С. Боранбаева «Тарихыңды таны: «31 мамыр саяси - қуғын сүргін құрбандарын еске алу күні» тақырыбында көшпелі дәріс өткізді. Тарихи танымдық дәріс барысында студенттер Кеңестік Қазақстандағы саяси қуғын-сүргіннің себептері мен салдарлары, ұлттық элита мен халқымыздың тағдырына тигізген зардабы туралы сондай-ақ репрессия жылдарында атылған қазақтың үш қызы Ш.Шонанова, Т.Сүлейменова, М.Таңатова туралы тың деректермен танысты. Сондай-ақ «Алжир» лагерінде жазықсыз жапа шекккен әйелдер» тақырыбында И/ у -13 тобының 1 курс студенті Зеріпбаева Диана, «Карлаг» - қасірет алаңы» тақырыбында Физ-11 тобының 1 курс студенті Құдайберген Альбина қосымша баяндама оқыды.

15042019-1 

БҚМУ ПРОФЕССОР ОҚЫТУШЫЛАР ҚҰРАМЫ МЕН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРАСЫНДА "ƏКЕМ, АНАМ ЖƏНЕ МЕН " АТТЫ ОТБАСЫЛЫҚ СПОРТТЫҚ ШАРАСЫ ӨТТІ.

IMG 1114 mini2019 жылдың 4 наурызында БҚМУ профессор оқытушылар құрамы мен қызметкерлері арасында "Əкем, анам жəне мен " атты отбасылық спорттық шарасы өтті. Шараның мақсаты: отбасында салауатты өмір салтын насихаттау. Жарыс қорытындысында жүлделі І орынды жаратылыстану-география факультетінің тобы, ІІ орынды тарих,экономика және құқық факультетінің тобы , ІІІ орынды филология факультетінің тобы иеленді.

Салауатты өмір салты орталығы, дене тəрбиесі кафедрадасы, БҚМУ бастауыш кəсіподақ ұйымы бірлесе ұйымдастырған шара соңында жүлдегер атанған отбасыларға дипломдар мен сыйлықтар табысталды. 

IMG 1104 mini

IMG 1095 mini

IMG 1144 mini

IMG 1158 mini

Ата-анамызға мың алғыс!

IMG 8249 miniIMG 8253 mini

Наурыз айының 1 жұлдызында БҚМУ Ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен, Алғыс айту күніне орай іс-шара өткізілді. Кеш қонақтары ретінде университеттің көп балалы қызметкерлері шақырылды. Кеш барысында қонақтар бақытты отбасыны құру туралы кеңестерімен, бала тәрбиесі жайында құнды ақпараттармен бөлісті. Қонақтарға студенттер арнайы концерттік бағдарлама дайындады, ал кәсіподақ төрағасы Мерген Қуанышұлы сыйлы қонақтарға естелік сыйлықтар тарту етті.

«Жүректен қозғайық...»

20022019М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде 20 ақпан күні физика-математика факультетінің деканының орынбасары Закариева Зарует Алмазовна мен физика кафедрасының тәрбие жұмысы бойынша жауапты Қадырова Гүлсім Мақсотқызының жетекшілігімен және Физ-33, Физ-31 топтарының ұйымдастыруымен «Жүректен қозғайық...» атты Абай Құнанбаевтың шығармаларына және өнегелі өміріне байланысты тағылымды кеш өтті.

Қазақ халқының ұлы ақыны, әдеби тілінің негізін салушы, аудармашы, сазгер, дана, дара тұлға Абай Құнанбаев. Абай мұрасы-қазақтың ең қасиетті, теңдесі жоқ, алтын қазынасы. Заман ауысып, уақыт өткен сайын халқымыз ғұлама Абайдың рухани дүниесіне терең бойлап, оның ұлылығының тың қырларын ашып, жаңа сырларына қаныға түседі. Абай өзінің туған халқымен мәңгі бірге жасайды, ғасырлар бойы қалың елін қазағын жаңа биіктерге, асқар асуларға шақыра береді. Қылышынан қан ағып, арсыздықтың заманында надандықтың көзін ашып, қазақты ғылымға жүгіндірген дара тұлғалардың біріде Абай атамыз!

Абай атамыз он жетінші қара сөзінде ақыл, жүрек, қайрат барлық адамның бойынан табылуы тиіс деп санайды. Сонда ғана адам «толық адам» деп саналып, өзгелерге пайдасы тиетіндей үлгілі істер істейді деп санады. Осы тұрғыда елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» жолында, Абай атамыздың даналығын дәріптеу, жастардың бойындағы жігерді көтеру, рухани құндылықтарды сіңдіру мақсатында физика-математика факультетінің физика кафедрасының тәрбие жұмысы бойынша жауапты Қадырова Гүлсім Мақсотқызының жетекшілігімен және Физ-33, Физ-31 топтарының ұйымдастыруымен «Жүректен қозғайық...» атты үлгілі боларлықтай тағылымды кеш өтті. Бұл тағылымды кештің түпкі мақсаты, сол кешке жиналған физика-математика факультетінің студенттеріне Абай атамыздың өнегелі өмірінен үзінді көрсету, шығармашылығын кеңінен аша білу болды.

«Жүректен қозғайық...» деп алынып отырған тақырыптың өзінде қаншама тәрбиелік мағына, астарлы ой жатыр. Абай Құнанбаевтың:

«Жүрегіңнің түбінен терең бойла,

Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.

Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,

Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма!»,- дейтін өлеңінен көретініміздей, әрбір адам баласы жүректің не қалайтынына мән беруі керек. Бұл дегеніміз жүректің тазалығын сақтап, ардың адалдығын ойлау деген мағынада айтылып отыр!

Халқымыздың қазынасы, мол мұрасы болып саналатын алып тұлғамызды «Жүректен қозғайық...» атты тағылымды кешке дәріптеп, саналы ұрпақ ретінде үлгі боларлықтай іс жасаған Физ-33, Физ-31 топ студенттері болды. Бұл топтан құралған студенттер, кештің өту барысын ұйымдастырып, Абай атамыздың өмірінен тың мәліметтер жинақтап, Омар Жәлелұлының Абай атамыз туралы айтылған видеоролигі көрсетіліп, шығармашылықтарын арқау етіп, тағылымды кешті өз деңгейінде керемет өткізді. Өткізілген кеште Абай атамыздың өлеңдері оқылып, күйі шырқалып, әні айтылып, қара сөздерінен үзінді көрсетілді. Көрермен ретінде қатысып отырған студенттерде Абай атамыздың өмірі туралы сұрақтарға жауап беріп, тағылымды кешке өз үлестерін қосып игі істен қалыс қал,ан жоқ.

Сонымен қатар, №38 мектептің Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегері ҚР Білім беру ісінің үздігі Республикалық «Үздік педагог-2013» атағының иегері Таскарина Гүлжихан Үмбетқызы және №38 мектептің оқушылары және филология факультетінің, филология ғылымдарының кондидаты, қазақ филология кафедрасының аға оқытушысы Шайекенов Жангелді Жұмақайұлы кеш қонақтары ретінде келді.

Шоқтығы биік Абай атамыз туралы сұрақтарға жауап беріп, қара сөздерінің мағынасын ашып жастарға түсіндіру мақсатында ұстаздарымыз, өздерінің бар көрген-білгендерін тағылымды кеште жиналған дүйім жұртқа ашық әңгімелеп, ерекше әсер қалдырды. Студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, әрбір айтылған әңгіменің мағынасын аша білді. Қонақтан кәде сый ретінде №38 мектептен келген оқушылар Абай атамыздың өлеңдерін оқып, қара сөздерін жатқа айтты.

20022019-1Ұлылықтың сырына қанық болғымыз келсе, даналықтың қандай болатынын ұғынғымыз келсе, дара Абай атамыз туралы айта беруге ешкім жалықпас еді! Осы тұрғыда Абай атамыздың шығармаларын зерттеп, қазақ халқына танытып жүрген қазақтың маңдайына біткен біртуар азаматы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Қазақ әдебиеті кафедрасының доценті, абайтанушы Омар Жәлелұлы. Заманның осындай бүлінген, кей жастардың бойынан тәрбие, намыс кеткенде, әрбір жасқа үлгі болатындай шоқтығы биік, ауызы дуалы Омар Жәлелұлының орны ерекше. Жастарымыздың бойына рух беретін, өзінің асыл текті қаны таза қазақ екенін ұқтыратын, қазіргі күннің рухани көсемі болып саналатын ағаларымыздың бірі және бірегейі. Абай атамызды түсіну үшін ең алдымен жүрек керек! Жүректі ашу үшін, осы орайда Омар Жәлелұлының «Харекет» атты қазыналы кітабы жол сілтерлік құрал деп санаумызға болады. Абай атамызды тануда бұл еңбектің қосар үлесі орасан зор. Бұл тұрғыда студенттердің арасынан, нақтырақ айтқанда Физ-31 студенті Базаров Мейірбек «Харекет» кітабын жиналған көпшілікке таныстырып, өзі секілді студенттерді Абай атамызды тануға шақырды.

20022019-2Бірі білсе, бірі біле бермейтін, жалпы айтқанда «харекет» деген сөздің мағынасын ашып, қазақтың кезіндегі тіл байлығының, ой зеректігінің кең екенін көптеген мысалдармен ұғынықты түрде түсіндіріп, Абай атамыздың әлеміне, түпкі ойының қандай екеніне көз жеткізерліктей түсіндірді. Әрбір тағылымды кеште отырған адамдардың санасының, руханиятының өсуіне өз үлесін қосты.

Кемеңгер тұлға қазақтың біткен маңдайына,

Жырлары әсем, сөзі өткір таңдайында.

Айтылып шындық, жазылған әрбір өлеңі,

Арналып тұр ғой барша қазақ жағдайына.

Ұстазы болып, Әл-Фараби және Науаи,

Қазақтың шоқтығы биік ұлы Абай.

Ұлт үлгісі ретінде өлеңдері,

Жаңғырып тұр, өтседе ғасыр талай!

Ұлт өрені, қазағымның ол қаймағы,

Қара сөзі бізге жеткен бұл айғағы.

Дана Абайдың даналығын бүгінде,

Тани білді барша әлем-жер аймағы.

"Адам бол",-деп анық айтып ақиқатын,

Жақсылыққа шақырған қазақ халқын.

Ашайын деп көздерін надандықтан,

Қамын жейтін қазақтың болған ақын.

Қара сөзі, қанға сіңіп таралатын,

Әрбір сөзі тереңінен ой салатын.

Рухы биік, сөзі өнеге істерімен,

Дүйім жұртқа шығарды дана қазақ атын!,-деп кеш соңында қазақ халқының кемеңгері, дана Абай атамыз туралы Физ-33, Физ-31 студенттері Айбергенова Нұрай, Уахитова Дана өз шығармашылықтарынан өлеңдерін арнады.

Рухани жан дүниеміздің жаңғыруы үшін осындай үлкен және маңызы зор шараларды өткізі өте дұрыс деп саналып, физика кафедрасының тәрбие бойынша жауаты Қадырова Гүлсім Мақсотқызына сөз беріліп, кешті өз деңгейінде сүбелі сөздермен қорытындылады.

Н.Т.Айбергенова

ҚР Президенті атындағы атаулы шәкіртақы иегері

Физ-33 топ студенті

 

Тағы мақалалар...

  1. БҚМУ қанжығасына 1 күміс, 2 қоланы байлады.
  2. «Тәуелсіздік ұрпақтары»
  3. «Дені сау ұрпақ - дені сау ұлт» атты облыстық эстафеталық сайыс өткізілді
  4. Республикалық пікірсайыс турнирі өткізілді
  5. Жолдауды түсіндіру тобы жұмысын бастады
  6. «Көңілдің архивінде қалсын өлең»
  7. ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНДА ЕКІ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІ БАС ҚОСТЫ
  8. «Тіл – халық қазынасы, рухани күретамыр»
  9. Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде Білім күніне арналған салтанатты шара өтті
  10. 30 тамыз Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған мерекелік шара өтті
  11. Ел рәміздері – еркіндік нышаны
  12. Студенттік құрылыс және «Жасыл ел» ашылуы ұйымдастырылды
  13. "Студенттік көктем-2018"
  14. М.Өтемісов атындағы БҚМУ студенті Жалғас Исмагуловтың «Жастық жалын» атты ән кеші өтті.
  15. Бақытбек Смағұлдың БҚМУ студенттерімен кездесуі
  16. 1 Наурыз алғыс айту күні
  17. «Тәуелсіздік дәуірі» кітабы - жас ұрпаққа тарихи сабақ
  18. «Сталинград шайқасы: тарихи тәжірибе, сабақтары, маңызы»
  19. Сталинград шайқасына 75 жыл
  20. «Бір сағаттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпарат»
  21. Инновация - жастар өмірінде
  22. Диплом табыстау салтанаты оздырылды
  23. Әлемдік деңгейдегі көрмеге саяхат
  24. Жасыл жердің келбеті, жасыл елдің еңбегі
  25. Арман шындыққа ұласты
  26. «Конституциялық реформалардың халықаралық тәжірибесін талқылауға арналған М.Өтемісов атындағы БҚМУ жас ғалымдарының пікір-алмасу алаңы» атты дөңгелек үстел
  27. «Мәңгілік елдің алтын адамы» атты республикалық театрлар фестивалінің ХХІV маусымы
  28. Жастардың бойында рухани құндылығын қалыптастыру
  29. Махамбет ұрпақтарының жазғы еңбек семестрі сәтті басталды
  30. Мемлекеттік жастар саясаты іске асыру бойынша тәжірибе алмасу
  31. Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Сейдірұлы Көлгінов университетіміздің студенттерімен кездесті.
  32. «БҚМУ КӨКТЕМІ – 2016» фестивалінің екінші күні
  33. «БҚМУ КӨКТЕМІ – 2016» фестивалі
  34. Служение ратному делу
  35. Махамбеттің жастарының толағай жеңісі
  36. Мельникова Владимира Леонидовичті құттықтаймыз!
  37. Махамбет - арымас Алаш арысы, бұлқынған асау намыс атты студенттерге патриоттық тәлім беру онкүндігінің ашылуы
  38. «Песни, опаленные войной»
  39. В рамках 20-летия АНК на педагогическом факультете для студентов первых и вторых курсов специальностей «Физическая культура» и «НВП» в актовом зале факультета состоялась встреча с Саловым В.Ю.
  40. Вспомним тех, кто воевал в чужих горах…
  41. 30-31 қазан 2014 жылы «Национальная образовательная система в условиях глобальной конкуренции: проблемы, приоритеты, перспективы развития» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция
  42. Бәрі де студенттер үшін
  43. М. Өтемісов атындағы БҚМУ студенттерінің тамақтануын ұйымдастыру
  44. М. Өтемісов атындағы БҚМУ студенттеріне арналған жатахана
  45. Университет студенттерінің жұмыс семестріне қатысуы
  46. БҚМУ студенті Инна Симонова Сочи олимпиадасында Қазақстан намысын шорт-трек спорт түрі бойынша қорғайды
  47. БҚМУ профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлер арасындағы 57-ші «Денсаулық» спартакиадасы
  48. Вечер поэзии «Менің атым – Махамбет»
  49. Хорошая работа – спокойствие души
  50. Отбасылық өмір және жастарды отбасылық өмірге дайындаудың маңыздылығы» тақырыбындағы ашық семинар
  51. Встреча была полезной
  52. Эстафета республиканского мега проекта «Дорожная карта мира и согласия» перадан в ЗКО
  53. Соревнование преподавателей по настольному теннису
  54. От сердца к сердцу
  55. Отличники настольного тенниса
  56. Нравственный урок

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua