М.Өтемісов атындағы БҚМУ студенттері "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес" департаментінің өкілдерімен кездесті

IMG 5008 miniМ.Өтемісов атындағы БҚМУ студенттері "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес" департаментінің өкілдерімен кездесті. Жас буынға қоғам дертіне айналған парақорлықтың кемел келешекке жеткізбей, жас өмірді жалмайтын жауыздығын түсіндіру үшін БҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары Жұбаныш Аманқос Сағындықұлы мен арнайы мониторинг тобының мүшесі Акишев Аскар Ашуевич келді. Жиын барысында сөз сөйлеген университеттің тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Т.М.Даришева студенттердің сыбайлас жемқорлық туралы түсініктерін білмек оймен әртүрлі сұрақтар қойды. Департамент қызметкерлері қатысушылар арасында анонимді сауалнама жүргізді. Студенттердің саяси сауатын ашуға бағытталған бұл шарада еліміздің болашағы үшін қызмет ететін жас буынға пайдалы ақпарат көп болды. 

IMG 4998 mini

IMG 5006 mini

IMG 5002 mini

«Бір сағаттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпарат»

 М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «Бір сағаттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпарат» атты шараның өткізілгені туралы ақпарат

2017 жылдың 29 қарашасында университеттің алты факультетінде «Бір сағаттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпарат» атты тақырыпта шара өтті.

Шараға университеттің 5086 студенті мен 220 оқытушысы қатысты.

Жергілікті БАҚ өкілдері шақырылды.

Құқық қорғау қызметінің негіздерін жаңғырту мәселелері

23 қараша күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті мен тарих, экономика және құқық факультетінде «Құқықтану» мамандығының студенттерімен «Құқық қорғау қызметінің негіздерін жаңғырту мәселелері» тақырыбында түсіндірме конференциясы өтті.

Cеминар

2017 жылдың 19 қыркүйек күні М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің тарих, экономика және құқық факультетінде БҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Ұлттық бюро департаменті басшысының орынбасары Абдрахманов Ж.К., департаменттің ұйымдастырушылық-аналитикалық бөлімінің аса маңызды істері жөніндегі офицері Кривцова О.П., департаменттің кадрлық жұмысын ұйымдастыру бөлімінің аса маңызды істер бойынша офицері Ермуканова Ш.М. қатысуымен университет студенттеріне арналған сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған шаралар туралы және олардың құқықтық қамтамасыз етілуі жөнінде семинар өтті.

Семинар барысында арнайы бейнефильм көрсетіліп, аталған департаментінің қызметкерлері студенттердің сұрақтарына жауап берді.

Мүксімов Салауат Сыйлыббайұлымен кездесуі

2017 жылдың 14 қыркүйек күні М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті профессорлық-оқытушылар құрамының Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты департаментінің директоры Мүксімов Салауат Сыйлыббайұлымен кездесуі өтті.

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua