2020 жылға ЖОО-дары арасында Қазақстан Республикасының Президенті атындағы шәкіртақы тағайындау бекітілді

Хабарландыру! Құрметті білім алушылар! 2020 жылға ЖОО-дары арасында Қазақстан Республикасының Президенті атындағы шәкіртақы тағайындау бекітілді.

 

М. Өтемісов атындағы БҚМУ-дың бакалавриат бойынша білім алушыларына 25 шәкіртақы бөлінді.

Президенттік шәкіртақыға оқудың барлық кезеңінде жоғары оқу нәтижелеріне қол жеткізген, GPA 3.6-4.0 және «A-» және «A» әріптік бағалары бар, сондай-ақ ғылыми-зерттеу, әлеуметтік және спорттық-мәдени қызметтерде айтарлықтай жетістіктерге жеткен күндізгі оқу бөлімінің жоғары курс студенттері (3-4,5 курс) үміткер бола алады.

Президенттік шәкіртақыға үміткерлер іріктек комиссиясына келесі құжаттарды ұсынады: мінездемелер, транскрипт, дипломның көшірмелері, ғылыми-зерттеу жұмыстарына, университеттің қоғамдық және спорттық өміріне қатысқандығын растайтын грамоталар, алғыс хаттар, сертификаттар, факультет ғылыми кеңесінің отырысы хаттамаларынан көшірме.

 

Сауалнама - Анкета

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua