Құрметті 3,4-курс студенттері!
Қазақстан Республикасы Президенті атындағы атаулы шәкіртақысын алуға арналған байқау жарияланады. Құжаттарды деканатқа тапсыруларыңыз сұралады.
Құжаттар тізімі: ректордың атына өтініш; факультет деканы, кафедра меңгерушісі, куратордың қолы қойылған ұсыным хат; оқу жылдары барысында алған дипломдар, құрмет грамоталары, алғыс хаттар, сертификаттар көшірмелері; A +, A- бағалауы бар транскрипт.
Жастар ісі жөніндегі департамент