Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік жастары шақырады» атты XII қалалық «Жас дарын» байқауының ЕРЕЖЕСІ

logo1Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған

«Тәуелсіздік жастары шақырады» атты  XII  қалалық «Жас дарын» байқауының

 

ЕРЕЖЕСІ 

 

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

           

 Жас дарын байқауы  - бүгінгі заман талабына сәйкес жас шеберлер арасындағы өнердің бар түрін (бейнелеу, сәндік, қолданбалы,  орындаушылық, сөздік,  ұйымдастырушылық, актерлік т.б.) біріктіретін кешенді байқау. 

             Байқау мәдени мұраны сақтап, жас таланттарды тауып оларды қолдау, өскелең ұрпақтың тұлға ретінде қалыптасуына рухани, эстетикалық тәрбие беру, мәдени аралық диалог пен ұлттық мәдениеттерің дамуына ықпал етуді көздейді.

             

БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТЫ

 

               М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті  10-11 сынып оқушылары және өнер колледждерінің бітіруші түлектері арасында жоғарғы оқу орнында білімін жалғастыру үшін, үздік шығармашылық жұмыстарымен, би және музыкалық орындаушылықпен көзге түскен дарынды жастарды университетке тарту, жоғары кәсіби білім беру.        

 

ұйымдастырушылар

 

Байқауды М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, мәдениет және өнер факультеті ұйымдастырып, өткізеді.

  Қалалық «Жас дарын» байқауын өткізу жұмыстарына арнайы бекітілген Ұйымдастыру алқасы басшылық етеді. Жас дарын байқауының  салтанатты ашылу және жабылу рәсімдерін техникалық қамтамасыз ету; номинациялар бойынша өту орындарымен, залдармен қамту; байқаудың ашылу және жабылу рәсіміне ұйымдастырушы мен шығармашылық ұжымдарды жұмылдыру; қазылар құрамын жасақтау және жеңімпаздарды марапаттау жұмыстарын жүзеге асырады.

 

ӨТЕТІН ОРНЫ МЕН УАҚЫТЫ

 

Жас дарын байқауы БҚО, Орал қаласы, М.Өтемісов атындағы  Батыс Қазақстан  мемлекеттік университетінде  2016 жылдың   сәуір айының 8-9  күндері аралығында өтеді.

 

БАЙҚАУ ТАЛАПТАРЫ мен бағдарламасы

 

Жас дарын байқауын қалалық кезеңін өткізу ұсынылып отырған   (№1-қосымша) техникалық және бағдарламалық талаптарға сәйкес жүзеге асырылады. Техникалық және бағдарламалық талаптар орындалмаған жағдайда қатысушылар  байқауға жіберілмейді.

Жас дарын байқауына   қатысушылар 2016 жылдың  5  сәуірге дейін талапқа сәйкес тапсырыс жіберуілері қажет. Тапсырыс жолдау –  байқау Ережесінің барлық талаптарымен келісу болып табылады.Қатысушылардың өнер көрсету реті тегінің алфавиттік реті арқылы анықталады.

Барлық номинация бойынша байқау көпшілік алдында өтеді және жатқа орындалуы міндетті. Шығарма қазылар шешімі бойынша қысқаша немесе толық орындалуы мүмкін.

Бағдарлама талаптарына сәйкес келмейтін, тапсырыста көрсетілмеген жұмыстар мен шығармалар қазылар құрамымен бағаланбайды.

 

БАЙҚАУ НОМИНАЦИЯЛАРЫ

 

1.        

Фортепиано  (жеке орындау)

10-11 сынып

Скрипка (жеке орындау)

10-11 сынып

Баян/аккордеон  (жеке орындау)

10-11 сынып

Халық аспаптары, Домбыра  (жеке орындау)

10-11 сынып

Халық аспаптары, Қобыз (жеке орындау)

10-11 сынып

Академиялық орындау (жеке орындау)

10-11 сынып

Халық әні  (жеке орындау)

10-11 сынып

Эстрадалық ән (жеке орындау)

10-11 сынып

Халық биі (жеке, топтық орындау)

10-11 сынып

Қазіргі заман биі (жеке орындау)

10-11 сынып

Бейнелеу өнері (жеке орындау)

10-11 сынып

Сәндік  өнері  (жеке)

10-11 сынып

2.        

Киім тігу дизайны (жеке)

10-11 сынып

3.        

Кітапхана ісі (жеке)

10-11 сынып

Мәдени -  тынығу жұмысы (жеке)

10-11 сынып

 

 

 

НОМИНАЦИЯ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ

 

  Байқау кезінде қатысушылардың жас және сынып ерекшелігі Ережеде көрсетілген критерийге сәйкес болуы шарт. Сәйкес келмейтін үміткерлер қатыстырылмайды. Байқау барысында әр қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттары болуы міндетті. 

 

жеңімпаздарды анықтау мен марапаттау

 

Байқаудың жеңімпаздарын Қазылар алқасының құрамы анықтайды. Қазыларға төраға жетекшілік етеді. Қазылар алқасының шешімі нақты және қайта қаралмайды.

Қазылар әр номинация   бойынша лауреаттарды анықтайды. Жеңімпаздар жүлделі 1, 2, 3 орындарды иеленеді және арнайы дипломдармен, алғыс хаттармен марапатталады және өнер мамандықтары бойынша оқуға түсуге ниетті талапкерлерге арналып өткізілетін                             2 шығармашылық емтиханға арнайы жолдама беріледі.  

 

Өтініш беру шарттары

 

Байқауға қатысу туралы өтініштер үлгіге (№2 қосымша) сәйкес 2016 жылдың   облыстық кезең 05  сәуірге дейін Орал қаласы, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, мәдениет және өнер факультетінің (Достық даңғылы, 137) 207-ші кабинетінде қабылданады. Сонымен қатар, өтініштерді This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.   электронды поштасына  (жіберуші тараптың қолы, мөрі (печать) қойылған өтініш хаттың сканерленген нұсқасын), 8 (7112) 51-42-66 факс нөміріне жіберуге болады.

Қосымша ақпарат алу үшін:

1. Абуова Роза Сүйеуғалиқызы -8 701 612-49-67, 8 705 328-21-24  

2. Жумагалиева  Гүлжазира Ермекқызы–8 775 300-96-05, 8747-127-95-45

 

2- қосымша

 

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік жастары шақырады» атты  XII қалалық

«Жас дарын» байқауының

ұйымдастыру алқысына

 

 

БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУ ТУРАЛЫ ӨТІНІШ

 

1.       

Аты-жөні

(құжат бойынша толық)

 

2.       

Туған күні, айы мен жылы

 

3.       

Байланыс телефоны, e-mail

 

4.       

Мектеп

 

5.       

Номинация атауы

 

6.       

Қатысушылар саны

 

7.       

 Қатысушылардың  аты-жөні (құжат бойынша) және туу туралы куәліктері мен жеке куәліктерінің көшірмелері (қосымша тіркеледі)

 

8.       

Шығарма атаулары (бірінші және екінші кезеңдерге)

 

9.       

Келген жері

 

10.   

Жетекші туралы мәлімет

 

11.   

Номинацияға қатысты қосымша мәлімет

 

 

 

Жауапты тұлғаның аты-жөні, қолы, өтініш берген күні

 

 

 

 

 

Жүктеу

БӨЛІСУ

Submit to DeliciousSubmit to DiggSubmit to FacebookSubmit to Google BookmarksSubmit to StumbleuponSubmit to TechnoratiSubmit to TwitterSubmit to LinkedInSubmit to BobrdobrSubmit to LiveinternetSubmit to LivejournalSubmit to MoymirSubmit to OdnoklassnikiSubmit to VkcomSubmit to Yaru

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua