Әлемге шуағын шашқан «Жандану»

himiya 4«Жандану» экологиялық жобасының авторы - Әлия Назарбаева 

Жоба экологиялық бастамалар туралы, өз-өзімен және қоршаған ортамен қалай үйлесімді өмір сүру керектігі туралы әңгімелейтін «Жандану» деректі фильмінің тұсауы кесілген 2012 жылғы қазан айынан бастап іске қосылды. 

Бұл фильм бірінші рет БҰҰ Бүкіләлемдік «РИО+20» саммитінде (Рио-де-Жанейро, Бразилия), ал 2012 жылдың қараша айынан бастап республикалық телевизиялық арналардың эфирлерінен көрсетіле бастады. 2013 жылдың маусым айында «Жандану» фильмі ІІ Еуразиялық кинофестивалінің (Нью-Йорк, АҚШ) арнайы жүлдесімен атап өтілді. 

Жобаның негізгі бағыттары: ағартушылық және телевизиялық.

Жобаның ағартушылық сатысы шеңберінде еліміздің барлық ең ірі жоғары оқу орындарында «Менің «ішкі» экологиям» шеберлік кластары ұйымдастырылып, Республикалық эссе байқауының 300-ден астам қатысушысы Жоба авторынан атаулы сертификаттарға ие болды. Оның ішінде С. Торайғыров атындағы М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде, Павлодар мемлекеттік университетінде,   Е. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде, оқитын студенттердің жұмыстары ең мазмұнды әрі көп қырлы болып танылды. 

2013 жылдың қазан айынан бастап Ә.Назарбаеваның «Жандану» жобасының ағартушылық сатысы өз шекарасын кеңейтті – «Экологиялық мәдениет» білім беру бағдарламасы әзірлене бастады. 

«Экологиялық мәдениет» үздіксіз экологиялық білім беру жүйесіндегі бағыттардың бірі болып табылады, оның негізінде Қазақстан Республикасындағы экологиялық білім беру мен тәрбиелеуді Ұлттық дамыту стратегиясының ережелері, Қазақстан Республикасының «жасыл» экономикаға көшу концепциялары жатыр. 

«Экологиялық мәдениет» курсының мақсаттары: 

- өсіп келе жатқан буынның жаңа ой өрісін, өзара байланысты моралдық-парасаттық және экологиялық жауапкершілігін қалыптастыру;

- шынайы және рухини тәжірибенің жиынтығы, адам мен табиғаттың өзара әрекеттесуі және сол арқылы өзінің дамуын қамтамасыз етуі ретінде жеке тұлғаның және қоғамның экологиялық мәдениетін қалыптастыру. Бұл мақсат қоршаған ортамен үйлесімді өмір сүруге қабілетті және жан-жақты дамыған жеке тұлғаны жалпы тәрбиелеу мұратымен сабақтасып кетеді.

himiya 5Аталған жоба аясында ҚР Білім және Ғылым министрлігінің қолдауымен 23-24 сәуір күні Алматы қаласында Қазақстанда тұңғыш рет І Ұлттық Экологиялық жастар форумы өткен болатын. Қазақстан түкпір-түкпірінен келген жастардың басын қосқан Форум , мен үшін , Қазақстан болашақ жасампаз тұлғаларының басын қосқан үлкен пікір талас алаңындай көрінді. Форум шеңберінде ғаламдық үлкен проблемалар мен табиғатты сақтап қалу жайында көптеген мәселелер талқыланды. Сонымен қатар «Жандану» жобасының эко-кинотеатры «Жер Мұрасы» деректі фильмі көрсетілді.  Бұл Форумға облыс және университет ішінен өзім ғана қатысып жатқандықтан, университет және облыс жас ғалымдарының білімін өте жақсы деңгейде көрсетіп, әділ қазы алқасының жоғарғы басына ие болдым. Форум шеңберінде өткен ғылыми тәжірибелік конференцияда менің көтерген мәселем  « мұнайшламдары »  тек қана Қазақстанның ғана емес, сонымен қатар бүкіл әлемдік проблема болып есептеледі. Ғылыми жетекшім х.ғ.д., профессор Мендалиева Дина Кенжебекқызымен көп уақыт осы тақырыпта жұмыстауым оң нәтиже берді. Менің тақырыбын көп адамды қазақтырған болуы керек, сұрақтарды бірінен соң бірі қойылды. Мен сұрақтарға нақты дәйектерді ұсынып, өз сөздерімді ғылыми фактілермен дәлелдеп  толығымен жауап бердім. Берген жауаптарыма қанағаттанған әділ-қазы алқасы тақырыбымның өзектілігі мен толыққандылығы үшін Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ректоры Ғ.Мұтановтың дипломымен марапаттады. 

Марапаттау рәсімінде Жоба авторы Алия Нұрсұлтанқызы Назарбаеваның өз қолынан алғыс хатқа ие болу мен үшін зор құрмет болды. Форумның жабылу салтанаты «Хабар» агенттігінің медиаресурстарынан көрсетелді. 

Жастардың бойында экологиялық ішкі дүниелерін қалыптастыратын І Ұлттық Экологиялық Жастар Форумына баруыма көмек көрсеткен тұлғаларға алғысымды білдіремін. 

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінен басталған Ұлттық Экологиялық Жастар Форумы еліміздің басқа өңірлерінде жалғасын тапса екен деп ойлаймын. Өйткені қатысушы делегаттар экологиялық проблемаларды көзбен көріп сезінгеннен кейін ғана онымен күресе алады. 

Айбар Мурзабеков 

«Химия»  мамандығының 4 курс студенті

 

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua