Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары арасында 5В011100-Информатика пәні бойынша VI Республикалық олимпиадасы

olimpiada10-11 сәуір күндері Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары арасында 5В011100-Информатика пәні бойынша VI Республикалық олимпиадасы өтті.  

Олимпиаданың ашылу салтанатында университеттің оқу-әдістемелік ісі бойынша вице-президенті Б.Ахметов, Даму және қаржыландыру жөніндегі вице-президенті Н. Шимшек лебіздерін білдіріп, сәттілік тіледі.

Студенттер жалпы тур, жеке тур бойынша  программалық ортада байқау тесттік есептерді шығарып өзара сайысты. Нәтижесінде, жалпы командалық есеп бойынша 3-орынды М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Инновациялық Еуразиялық университеті, Қазақ қыздар педагогикалық университеті, 2-орынды Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, Оңтүстік Қазақстан педагогикалық институты, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, 1-орынды Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік Мемлекеттік университеті жеңіп алды.

Жеке тур бойынша 3-орынды М.Өтемісов   атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің студенті Н.Досқараев, Т.Жиенғалиев, Оңтүстік Қазақстан педагогикалық институтының студенті А.Тыныбаев, 2-орынды Оңтүстік Қазақстан педагогикалық институтының студенті Н.Үсентаев, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің студенті Х.Баелова, ал 1-орынды Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің студенті Д.Байжігіт иеленді. Бәйгеден топ жарып озып шыққан жеңімпаздарды университет вице-президенттері Б.Ахметов пен Н.Шимшек салтанатты түрде Алғыс хат, дипломдармен марапаттады.

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua