«Қашықтан оқыту жағдайында емтихан тапсырмаларын дайындау және өткізу формалары»

2020 жылдың 22 сәуір күні «Қашықтан оқыту жағдайында емтихан тапсырмаларын дайындау және өткізу  формалары» атты вебинар-семинар өткізілді. М.Өтемісов атындағы БҚМУ педагогика факультеті деканы, п.ғ.к., доцент, Ергалиева Гульжан Алгазиевна  КЕЙС  технологиясы оның оқыту үдерісіндегі  мәні туралы теориялық және әдіснамалық тұрғыдағы ерекшеліктерін баяндады. Мектепке дейінгі және бастауышта білім беру кафедрасының аға оқытушысы, магистр Абугалиева Гульшат Сержановна «Қашықтан оқыту жағдайында емтихан өткізу түрлері» атты баяндамасында емтихан түрлері мен өткізу формаларына тоқталды.

s1s2

Педагогика және психология кафедрасының доценті, т.ғ.д., п.ғ.к., Адельбаева Нурия Адельжановна, аға оқытушысы, магистр Баюканская Светлана Феликсовна қашықтан білім беру жағдайында аралық және қорытынды аттестаттауды өткізу үдерісінде кейс-технологияны қолдану мүмкіндіктері мен тиімділіктерін атап өтіп, өз тәжірибелерімен бөлісті.

s3s4   

Мектепке дейінгі және бастауышта білім беру кафедрасының аға оқытушысы, магистр Маденова Лаззат Мутиголлиевна «Студенттерді қашықтан оқытуда Instagram парақшасын қолдану» тақырыбында оқу үдерісін Instagram парақшасының мүмкіндігімен қалай түрлендіріп өткізуге болатындығын, студенттермен кері байланыс жасауда тиімділігін атап өтті. 

s5s6  

Мектепке дейінгі және бастауышта білім беру кафедрасының аға оқытушысы, магистр Ерниязова Салтанат Наурызбаевна «Портфолио-студенттердің оқу жетістіктерін жинақтау және бағалау формасы» атты баяндамасында бұл бағалау формасының қашықтан оқыту жағдайына қолдануға сай келетінін, студенттердің оқу жетістіктерін жинақтаудағы тиімділігін сипаттады. Вебинар қатысушылары қашықтан оқыту жағдайында емтихан тапсырмаларын дайындау мен өткізу формалары туралы пікір алмасып, бірлескен жұмыстың оң әсерін атап өтті. 

 

Педагогика факультетінің деканаты

 

Сауалнама - Анкета

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua