Менің туым, менің Отаным!

Менің туым, менің Отаным!

WhatsApp Image 2019-10-29 at 17.59.36 29 қазан күні Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде "Нұр Отан" партиясының бастамасымен «Менің туым, менің Отаным!» атты патриоттық акция өтті. Аталмыш акцияға университетіміздің тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Түймеш Малбағарқызы мен университеттің жастар ісі комитеті, оқытушылар мен студенттер қауымы қатысты. Шараның мақсаты – мемлекеттік туды насихаттау және қазақстандық жастарды патриотизмге тәрбиелеу, сондай-ақ азаматтардың мемлекеттік туды пайдалануға және орнатуға тыйым салу туралы қоғамда қалыптасқан стереотипті жою.Еңселі оқу ордасының алдында өткен акция барысында еліміздің көк туы көкке көтеріліп, студенттер қолдарына жалауша ұстады. «Менің туым, менің Отаным!» деп ұрандатқан жастар қазақ, өзбек, орыс, ұйғыр, тәжік сынды тағы да басқа көптеген ұлттардың ұлттық киімін киіп, мың бұрала би биледі. Шара соңында акцияға қатысушылар естелік суретке түсті.

                                                                                                                                                                                                                       Азиза СУЙНШКАЛИЕВА,

«Өркен» газеті

 

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua