Мансап күні

IMG 0734 mini

2019 жылы 22мамыр күні М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің Спорт сарайында дәстүрлі «Мансап күні» шарасы өткізілді.

Бұл шараның басты мақсаты – педагогикалық емес мамандықтардың («Экономика», «Есеп және аудит», «Қаржы», «Туризм», «Ақпараттық жүйе», «Экология», «Құқықтану», «Дизайн» т.б.) түлектеріне жұмысқа орналасуына жәрдемдесу, жұмыс берушілермен тікелей сұхбаттасуына, өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, оларға жауап алуға, түйіндемелерін қалаған мекемелерге бір уақытта тапсыруға мүмкіндік беру.

Шараға облыстық (қалалық) жұмыспен қамту басқармаларының, облыстық (қалалық) мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармаларының, облыстық, қалалық, білім беру басқармаларының, шығармашылық орталықтардың,Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг б.в. шетелдік компаниясының, Ішкі істер басқармасының, ҚР Ұлттық банкі БҚО филиалының, ІІ деңгейлі банктердің облыстық филиалдары, Батыс Қазақстан ооблыстық және Орал қалалық соттарының, ӨЖК «Серік» ЖШС, БҚО кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының, Дін істері басқармасының Облыстық және қалалық ішкі істер департаменттерінің, Халыққа қызмет көрсету орталығы департаментінің, түрлі акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестердің, биологиялық-экологиялық орталықтың, кадрлық агенттіктердің, тілдік оқыту орталықтарының, туристік фирмалардың және т.б. 60-қа жуық мекемелердің өкілдері қатысты.

Дәстүрлі жыл сайынғы «Мансап күніне» университетті үстіміздегі жылы аяқтағалы тұрған педагогикалық емес мамандықтардың 384 астам студенті қатысты. Олар өз кезегінде жұмыс берушілермен тікелей сұхбаттасуға, түйіндемелерін тапсырып, өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тұщымды жауап алуға мүмкіндік алды.

Шара салтанатты және жұмыс бөлімінен тұрды.

 

IMG 0622 mini

IMG 0628 mini

IMG 0644 mini

 IMG 0631 mini

IMG 0676 mini

IMG 0705 mini

IMG 0712 mini

 

ВИРТУАЛДЫ ТУР

СЕРІКТЕСТІКТЕР

joomla

Powered by Joomlamaster.org.uatogether with Joomstudio.com.ua